Биылғы Волонтер жылында осы қозғалыстың «Birgemiz» тұжырымдамасы негізінде 43 тармақтан тұратын жұмыс жоспары бекітілгені белгілі. Соның бір тармағы – қайырымдылық шараларына бағытталған «Umit» жобасы. Осы жоба негізінде 30 ақтөбелік волонтер «Зелло. Іздеу» командасымен бірлесе жоғалған адамдарды іздестірумен айналысты.

Бақытқали Оразғалиев 2017 жылы достарымен бірге «Зелло. Іздеу» тобын құрды. Жас жігіттің бұл іспен айналысуына Ақтөбенің шетіндегі Жилянка елді мекенінде тұратын таныстарының баласының жоғалып кетуі себеп болды. Көрші тұратын 11 жастағы екі бала қыстың аязды кешінде жоғалып кетеді. Ата-аналары дүрлігіп балаларды түнімен іздегенімен, еш жерден таба алмайды.
– Балалар үйлерінен сөмкеге азық-түлік салып алып кеткен. Ендеше оларды ешкім ұрламаған, өз бетінше бір жаққа кеткен деп топшыладым. Қыс ортасында, аязды күні олар қайда жол тартуы мүмкін? Не болса да, алыстағы саяжайларынан іздеп көрейік деп кеңес беріп, бәріміз жолға шықтық. Айтқанымдай-ақ, екі баланы сол жерден тауып алып, үйлеріне қайтардық. Жалпы, осы жастағы балалар көп жағдайда зеріккендіктен, не ойнап жүріп адасып кетеді. Ал жасөспірімдердің жоғалуына көбіне үй ішіндегі жанжал, ата-анасымен ұрыс-керіс себепші болады. Тобымызға іштей жалғыздық, торығушылық, үрей, қорқыныш сезіміне бой алдырған соң осындай қадамға баратын жасөспірімдермен жұмыс істейтін психолог маман алдық. Ол балаларға үйден кетіп қалудың себеп-салдарын жайлап түсіндіреді. Өкінішке қарай, бала мен үлкеннің арасында тіл табысудың болмауынан осындай жағдайлар туып жатады, – дейді Бақытқали.
Қазіргі кезде «Зелло. Іздеу» волонтерлік тобының 20 үйлестірушісі мен 30-40 іздеушісі бар. Көп жағдайда жергілікті полиция қызметі мен төтенше жағдайлар департаменті де бұлардан көмек сұрап жатады. Волонтерлер ақпарат түскен бойы жоғалған азаматтың суретін әлеуметтік желілерге салып, дереу жан-жаққа хабар жібереді. Осы жағынан алғанда әр волонтердің өзіне бекітілген ауданы бар.
Ұлттық Қызыл Жарты ай қоғамы филиалының қызметкерлері әр тоқсан сайын осы топтың мүшелеріне оқу тренингтерін өткізеді. Сондай-ақ облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандары волонтерлерді биікке өрмелеуге жаттықтырады, суға кеткен адамдарға алғашқы көмек көрсетуді үйретеді. «Осы жағынан алғанда, біздің тобымыз кәсіби құтқарушыларға айналып келеді», дейді Б.Оразғалиев.
Айта кету керек, жыл басынан бері «Зелло. Іздеу» тобына 60 ақтөбелік тұрғынның жоғалуы туралы дерек тіркелсе, 50 адамды волонтерлер аман-есен тауып берген. Бұлардың ішінде есін жоғалтқан ересек адамдар да, ұмытшақтық дертіне шалдыққан мүгедек жігіттер де, жас балалар да бар. Бүгінде топ мүшелерінің әрқайсысының өз жұмыстары болғанымен, оларды ортақ мақсат – қиын жағдайда қалғандарға көмектесу ісі біріктіреді.
Ақтөбе облысы
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 19:32
Жібек Құламбаева Сербияда өткен теннис жарысының жеңімпазы атанды
Теннис • Бүгін, 18:31
Алтын-Емел табиғи паркінде жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар