Әдебиет • 22 Қазан, 2020

Шекспир пьесалары 10 млн долларға сатылды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уильям Шекспирдің ал­ғаш­қы пьесалар жина­ғының түпнұсқа көшір­месі Christie’s аукцио­нында 10 миллион дол­ларға сатылып, әдеби шы­ғармалардың аукциондық бағасында әлемдік рекорд жаңартты.

Шекспир пьесалары 10 млн долларға сатылды

Ағылшынның әйгілі ақыны һәм драматург Шекспир шы­ғар­­масының жаңа рекорд ор­натқан аукционы Нью-Йорк қаласында өтті. 10 млн долларға сатыл­ған жи­нақ, яғни автордың «алғашқы фолианты» – Шекс­­пирдің қаза­сынан соң жеті жылдан кейін 1623 жылы жарық көрген. Сарап­шы­лардың пікірінше, бұл – ан­тиквариат нарығында «шамамен, дәуірде бір рет» болатын си­рек лот. Ал сирек лоттың бас­ты кейіпкері кім дейсіз ғой? Ол – ескі кітаптар кол­­лек­цио­нері Стефан Лёвент­хейл.

Шекспирдің дәл осы пье­салар жинағы жарық көр­ген кезде дра­матургтің 36 туындысының 18-і алғаш рет ба­сылып шыққан. Олардың қатарында «Макбет», «Да­уыл», «Юлий Цезарь» сын­­ды шедевр шығармалар бар. Ав­тор­дың «алғашқы фолина­тының», шама­мен 235 көшірмесі бар екені бел­гілі, бірақ оның бәрі бірдей толық емес. Қазіргі уақыт­та тек алты кітап қана жеке мен­шіктің қолында.

Шекспир шығармала­ры­ның аукциондағы сатылымы соңғы рет 2001 жылы рекорд орнатқан болатын. Ол кезде пьесалар жинағының көшірмесі 6 миллион дол­ларға сатылған еді.