Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Мас күйде көлік айдаған ауыл әкімі жазаланды

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысындағы Май ауданы Ақжар ауылының әкімі мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Мас күйде көлік айдаған ауыл әкімі жазаланды

"Курчатовтағы әріптестеріміз оқиға туралы хабардар етті, біз мән-жайын білу үшін дереу сол жерге аттандық. Ауыл әкімі жұмыс уақытынан тыс уақытта, яғни сенбіде кешке қала ішінде қызметтік көлікті мас күйінде жүргізген", - деді Павлодар облысының этика жөніндегі уәкілі Дидар Ыбыраев.

Медициналық сараптама көрсеткендей, шенеунік қызметтік көлікті орташа деңгейдегі мас күйінде басқарған.

"Сот қаулысымен құқық бұзушы Әкімшілік кодекстің 608-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралын масаң күйдегі адамның басқаруы") бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды", - деді соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, сот әкімді жеті жылға көлік жүргізу куәлігінен айырған.