Соңғы жылы мемлекеттік қызмет саласын ілгерілетуге қатысты бастамалар жиі көтеріліп жүр. Ел Президенті халыққа Жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін ұсынып, салаға көптеген жаңашылдық енгізу керектігін баса айтқан еді. Одан бөлек жақында мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруге тыйым салу нормасы күшіне енгені тағы бар.

Ол бойынша мемлекеттік қызметші мен оның отбасына сыйлық беруге болмайды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жаңа ереженің қалай жүзеге асатынын түсіндіріп берген еді. Бұл норма 6 қазанда Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қарастырылған. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда осыған дейін де қызметі үшін сыйлық алуға болмайтыны нақты көрсетілген еді. Ал Азаматтық кодексте құны 10 АЕК-тен асатын сыйлық беруге болмайды деген тұжырым болды. Түсінбестік тудырған дәл осы нәрсе еді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев заң нормасының саладағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталғанын айтады.
«Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапқа тартылудан қорыққан шенеуніктерді дербестік, бастамашылдық және жедел әрекет ету қасиеттерінен айырмауы тиіс екенін ескертіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге қатысты нақты тапсырмалар берген болатын. Осы орайда жарияланған заңның қолданысқа әлі енгізілмегеніне қарамастан, оның жалпы алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталғанын ескере отырып, осы заңның маңызын, оның қойып отырған талаптарын халық арасында белсенді түсіндіру орынды», деді Д.Жазықбаев.
Мемлекеттік қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне келіп түскен барлық сыйлықтар, тіпті олардың хабарынсыз келген сыйлықтар да жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқарушы органға берілуі тиіс. Бұл сыйлықтарды белгіленген тәртіппен сатып алу мүмкіндігі де сақталады. Алайда бұл тыйымды жұмыстағы жетістіктері үшін заңды жолмен берілген сыйлықтармен шатастырып алмау маңызды.
Заңда сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға беру, сыйлықтарды бағалау және сату мәселелері де нақтыланған. Жергілікті атқарушы органдар енді бұл мәселелермен айналыспайды. Қызметшінің немесе оның отбасы мүшелерінің хабарынсыз шотқа түскен ақша анықталғаннан кейін 2 апта ішінде мән-жайды түсіндіре отырып, республикалық бюджетке аударылуы тиіс екен.
Дархан Жазықбаевтың айтуынша, Азаматтық кодекстің 509-бабына енгізілген өзгеріске сәйкес мемлекеттік қызметшіге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады. Яғни Азаматтық кодекстің аталған бабының мемлекеттік қызметшіге қатысты сыйға тарту мәселелерін реттейтін ережелері қайта қаралып, оның талаптары өзге заңнамалармен, оның ішінде, Қылмыстық және Әкімшілік кодекстермен сәйкестендірілген. Енді осыған байланысты, Қылмыстық кодекстің «Пара беру» 367-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаларға немесе лауазымды тұлғаларға бұрын жасаған заңды әрекеттері үшін құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлықтар тарту ету қылмыстық жауапкершілікке жатады. Бұған қоса сыйлық беру немесе алу әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық болуына байланысты кодекстің 676, 677, 678-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Агенттік мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган ретінде аталған заң нормаларының орындалуы бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жалғастыра береді. Мемлекеттік қызметшілерге қандай да бір сыйлық берудің заңға қайшы екенін қоғамда кеңінен насихаттау қажет», деді агенттік төрағасының орынбасары.
Сыйлықтар Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне және оның аумақтық органдарына тапсырылады. Ал комитет алмайтын кей сыйлықтарды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қабылдай алады. Мұндай сыйлар қатарына жер учаскелері, төрт түлік мал, жемшөп, азық-түлік тауарлары, астық, ағаш материалдары, дәрі-дәрмек, минералдық шикізат, пайдалы қазбалар, пестицидтер жатады. Ал жылжымайтын мүлік, көлік, этил спирті және алкоголь өнімі, темекі өнімдері, өнеркәсіп тауарлары, мұнай және оны қайта өңдеу өнімдері, бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестері, техникалық құрылғылар, бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдарына тапсырылуы керек.
Бұл заңнамалық шектеулер мемлекеттік қызметшінің жеке өміріндегі отбасылық салтанатты іс-шараларда жақындары мен туыстары берген сыйлықтарға қатысты емес, әрине.
Заңнамаға енгізілген тағы бір жаңалық – туыс адамдардың бірге жұмыс істеуіне жол берілмеуі. Бұл туралы Агенттіктің заң департаментінің директоры Мақсат Мусин түсіндіріп берді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары бір-біріне бағынатын лауазымдарда қызмет ете алмайды. Сондай-ақ кез келген адам мемлекеттік жұмысқа орналасарда сол мекемеде жақын туыстарының барын жазбаша хабарлауы керек екен.
Жаңадан қабылданған заң нормалары мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді көздеп отыр. Бұл Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында айтқан мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалардың бастамасы болса керек. Президенттің «Ең алдымен, мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне және оларды орындау жауапкершілігіне деген көзқарасты өзгертуден бастауымыз керек» дегені жылдар бойы қалыптасқан жүйеден шығып, жаңа заманауи тәсілдерді қолдануға қызметкерлердің және халықтың ашық болуын меңзейді. Өйткені саладағы ескі көзқарастағы ұстанымдар жаңа реформалардың біреуін де тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтіні сөзсіз. Бұл жолда ең алдымен, қордаланған мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлықты жою басты міндетке айналды.
Барлығы бір күнде өзгере қоймайтыны секілді, жаңа өзгерістердің заң шеңберінде қадағаланып қоймай, қызметшілердің күнделікті этикалық ұстанымына айналатын күні де алыс емес болар. Бұл ретте тек мемлекеттік қызметшілерді өзгертуге тырысу – әурешілік. Реформаның халық пен қызметшілер арасында екіжақты орындалуы аса маңызды. Сол себепті де қоғамда тұрғындарға мемлекеттік қызмет үшін сыйлық берудің қалыпты жағдай емес екенін түсіндіріп, мұның салдары заң шеңберінде қаралатынын кеңінен насихаттаған жөн. Күрмеуі қиын мәселерді шешуге кеткен уақыт емес, арамшөп секілді қоғамды жайлаған проблеманы тамырымен шабуға басымдық берілгені құптарлық.
Салымшылар табысы 1,2 триллион теңгеден асты
Қаржы • Кеше
Алматыда шамамен індеттің 40%-ы қоғамдық орындарда жұғады
Коронавирус • Кеше
Өскеменде есірткі «қойып кетуші» қыз ұсталды
Видео • Кеше
Жаңақала жігіттерінің жақсы ісі
Қоғам • Кеше
Президент ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Қоғам • Кеше
Қостанайда құрылыс алаңы отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық судьялар сот шешімінің орындалуын қадағалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтың дамуына «Ауыл – ел бесігі» екпін берді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда карантин талаптары қайта күшейді
Аймақтар • Кеше
Елбасы Асхат Аймағамбетовті қабылдады
Елбасы • Кеше
Доллардың ертеңгі бағамы белгілі болды
Экономика • Кеше
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Сау адамдарға ПТР-тест жасауға болмай ма?
Қоғам • Кеше
Қостанайдағы құрылыс алаңында вагон өртенді
Аймақтар • Кеше
WhatsApp бір айдың ішінде 30 млн қолданушысынан айырылды
Технология • Кеше
Өткен жылы Алматыға 88 мыңнан астам иммигрант келген
Қоғам • Кеше
Қытай әскері Тайванға басып кірді
Әлем • Кеше
Жамбыл облысында балық шаруашылығы дамып келеді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда 9700 тұрақты жұмыс орны ашылады
Аймақтар • Кеше
Интернет алаяқтың тағы бір құрбаны 500 мың теңгесінен айырылды
Аймақтар • Кеше
Қызылордада күдікті көліктен 1 келі есірткі табылды
Аймақтар • Кеше
Сенаторлар нотариат туралы заң жобасын қарайды
Парламент • Кеше
Қарағанды облысында зейнеткерлер тоналды
Аймақтар • Кеше
Көлік апаты.. Ақтөбеде екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% сақтап қалды
Экономика • Кеше
Өз туыстарын тонаушылар көбейген
Аймақтар • Кеше
Әлемде табиғат апаттары жиілеп кетті - экологтар
Экология • Кеше
Бүкіл Еуропаға ортақ болған валюта табылды
Тарих • Кеше
Қазақстанда тоқыма өндірісінің қарқыны қандай?
Қазақстан • Кеше
Экология вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
Елордада қылмыс саны 20%-ға азайған
Аймақтар • Кеше
1 ақпаннан бастап Алматы толығымен цифрлы телехабарға көшеді
Технология • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Вакцина қабылданған АҚШ тұрғыны қайтыс болды
Әлем • Кеше
Бразилияда футболшылар бар ұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Көктемгі егіс науқанына дайындық басталды
Қазақстан • Кеше
Өскеменде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Оқиға • Кеше
БҚО: Баланы қар үйіндісі басып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы ақшаны қайда жұмсай алады?
Қаржы • Кеше
Көксу зауыты қамыстан қант шығаруды қолға алды
Аймақтар • Кеше
Триестадағы турнирде алтыншы орында қалып қойдық
Спорт • Кеше
Індет жұқтырғандар саны көбейді
Коронавирус • Кеше
Алматының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Білім беру саласы толығымен цифрландырылды
Аймақтар • Кеше
«HR-PROCESS»: 2 мыңнан аса үміткердің өтініші қабылданды
Аймақтар • Кеше
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Кеше
Алдағы күндері қар жауып, күн жылынады
Қазақстан • Кеше
Мексика президенті коронавирус жұқтырды
Әлем • Кеше
Өткен жылы 240 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар