Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Елордада 1700-ден астам жұмыс орны құрылды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2016 жылдан бері "1000 орын - көше саудасы" жобасы аясында елордада 1069 жер учаскесі бөлінді. Қол қойылған келісімшарттарға сәйкес 434 сауда павильоны мен 117 маусымдық нысан орнатылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Елордада 1700-ден астам жұмыс орны құрылды

116 учаскеде кәсіпкерлік субъектілері монтаждау және коммуналдық қызметтерге қосылу жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, Алматы ауданында 213 жер учаскесі, Байқоңыр ауданында - 124, Есіл ауданында - 113, Сарыарқа ауданында - 217 жер учаскесі бөлінген.

Жер учаскелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлік субъектілері арасында да бөлінеді. 2019 жылдан бастап "Astana" ӘКК АҚ 22 жер учаскесін берді.

"Жобаны жүзеге асыру кезеңінде шағын және орта бизнестің дамуында оң динамика байқалды. Отбасылық бизнес ұйымдастырылды, бағдарлама жұмыссыз халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын дамытуға ықпал етеді. Бүгінде 1700-ден астам жұмыс орны құрылды, 1,1 млрд.теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Бұл шаралар жергілікті бюджетке салықтық түсімдерді көбейтуге көмектесіп, көше саудасының ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл мәселелерді реттеу бізге көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға мүмкіндік береді", - деді "Astana" ӘКК АҚ "1000 орын - көше саудасы" бағдарламасының сектор меңгерушісі Айымгүл Кадешова.

Сауда павильондары көбіне көкөніс, жемістер мен дайын өнімдерді (сусындар, балмұздақ, фаст-фуд) сату үшін алынады. Болашақта шағын және орта бизнесті дамытып, жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттыратын тұрғын аудандардан жер беруге назар аудару жоспарланып отыр.