Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Семейден қорғандардың орны табылды

1413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейдегі Абай көшесі мен Шәкерім даңғылының қилысындағы құрылыс жүріп жатқан жеке меншік аумақтан ерте темір дәуіріндегі қорымының қалдықтары табылды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Семейден қорғандардың орны табылды

Өкініштісі сол, көне қорым бульдозормен сүріліп тасталған. Бір емес, қатарынан тұрған төрт қорған жойылып кеткен. Бүгінгі күнге жеткені бір қорғанның бұрышы мен екі қыш құмыраның сынықтары ғана. 

- Құрылыста істейтін танысым хабарласып, қыш құмыраның сынықтарын тауып алғанын айтты. Барып көрдім. Қазаншұңқырдың іш жағындағы қызыл кірпіштерге қарасам, қорғанның үстінен кейін де бір ғимарат салынған сияқты. Ал қиып жиналған бөрене ағаштар Берелдегі қорғандарға ұқсас. Бірақ түк қалмаған, бәрі бүлінген,- дейді археолог Айдын Жүнісханов.

Назарбаев Университетінің Қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушысы Айдын Жүнісхановтың мөлшерлеуінше, қорған б.з.д IV-IIV ғасырларға жатады. Ол енді қорғаннан табылған ағаштың жасын анықтату үшін Ресейге жіберемекші. Ал қыш құмыралардың актісін жасап, Нұр-Сұлтанға апарып, мамандарға неден жасалғанын анықтатып, құралғанынша құрап, Семейдегі Өлкетану музейіне тапсыруды ойлап отыр. Айдын Жүнісхановтың айтуынша, Семей қаласының қақ ортасынан бұрындары да Қимақ дәуірінің белгілері табылған.

Қарағайлы шағын ауданы орналасқан жер археология ғылымында "Семипалатинские Дюны 1 және 2" деген атаумен белгілі екен. Қаладағы өлкетану музейіндегі жәдігерлердің 80 пайызы сол жерден шыққан.

Демек, шаһардың тарихы тереңде. Бірақ, қала басшылығы көне нысандардың сүрлуіне жол беріп, қорғандарды қорғай алмай келеді.