21 Қараша, 2013

Ардагерлердің айтары бар...

300 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл күндері Ұлы Жеңістің алдағы 70 жылдығына дайындық жүріп жатыр. Оны ТМД аумағы бірге атап өту үшін мемлекет басшылары қол қойған қаулылары бар. Соның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің түрлі мұқ­таждықтарын өтеп, үй-жай­ларын жөндеп, қаржылай кө­мек беру сияқты қосалқы шаралар да жеткілікті. Ең бастысы, халқымыздың қазынасы – ардагерлеріміз қол қусырып отырмай, елдік істерге де араласып, кейінгі ұрпақты тәрбиелеу ісіне де қосып жатқан үлестері өлшеусіз.

Қай кезде де ұлағатты үлкен ұрпақ бас қосқанда қаралатын мәселе, ортаға салынатын сауалдар аз болмайды. Сонымен, кеше Алматы қаласы ардагерлер ұйымының құрылтай жиналысы болып өтті. Бұл жиын­ға «Генералдар кеңесі» рес­публикалық қоғамдық бірлестігі мұрындық болып, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп қаланың барлық аудандарын­да Ұлы Отан соғысының арда­герлері мен қатысушылары, ауған соғысының, жергілікті жауынгерлермен және Чернобыль оқиғасының қатысушыларымен өткізілген дөңгелек үстел барысында ардагерлердің әлеуметтік мәселелері талқыланды және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын лайықты қарсы алу жөнінде мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасындағы аталған санаттағы ардагерлер ұйымдарының қатысушылары келесі бағыттар бойынша тығыз әріптестікті ұйымдастыруды ұсынып отыр.

Оның ішінде ұлттық қауіп­сіздікті, қорғаныс және елдегі заңдылықты нығайтуда ҚР Пре­зидентіне қолдау көрсету, жа­ңа қазақстандық патриотизм бағытында тәрбиелеу бойынша ардагерлер ұйымының бірлескен қызметін жандандыру істері де бар.

Сол сияқты, ҚР Үкіметінің ҰОС, еңбек майданының қа­тысушылары, ауған соғы­сы­­ның ардагерлері мен мүге­дектері, жергілікті жауынгер­лер, Чернобыль апатына қаты­сушылар, Қарулы Күштер мен қарулы құрылымдар, әскери қызметкерлердің отбасы және құқық қорғау органдары қызмет­керлері, әскери міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлер отбасын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түпкілікті шара қабылдауына ықпал ету көзделуде және Ал­маты қаласында со­ғыс арда­герлеріне сауықтыру орталығын және Ардагерлер үйін құру ісі де қордаланған мәселе қатарында тұр.

Осы мақсатта, «Генералдар кеңесі» РҚБ ардагерлер ұйы­мының құрылтайшы жиналысын өткізуге және Ардагерлер бірлестігінің қауымдастығын құруға шешім қабылдады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар