Тараз қаласында халықаралық студенттер мерекесі күніне орай «Студенттік бал» кеші болып өтті.
Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы бүгінде студенттердің сапалы білім алумен бірге олардың қоғамымызға пайдалы істермен шұғылдана алатын жан-жақты жетілген тұлға болып қалыптасуына да атсалысуда. Өйткені, студент жастарды патриоттық сезім мен шығармашылыққа баулу, эстетикалық дүниетанымын кеңейтіп, мәдениетін арттыру мақсатында көптеген ғибратты іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Соның бірі, міне, облыста тұңғыш рет өткізілген «Студенттік бал» кеші.

Аталмыш балға 100 жұптан құралған 200 дебютант қатысты. Бағдарламада дебютанттардың әлем классиктерінің әсем сазына дөңгелене би билеуімен бірге, бал қонақтарының да көңіл көтерулеріне жағдай жасалды. Тосын сый-сияпаттар да жарасып тұрды. Әсіресе, 40 студенттен құралған 20 жұптың аққудай ырғалған әсем вальсі кешке жиналғандарды ерекше әсерге бөледі.
Іс-шара аясында студенттерге 6 номинация бойынша сыйақы берілді. Сонымен бірге, жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылары да мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін диплом, алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.