22 Қараша, 2013

Онлайн режіміндегі отырыс

314 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кеше Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен комитеттің кезекті отырысы «Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің әлеуметтік үйлерді дамытудың проблемалары мен перспективалары» деген тақырыпта Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта өтті.

 

Кеше Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен комитеттің кезекті отырысы «Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің әлеуметтік үйлерді дамытудың проблемалары мен перспективалары» деген тақырыпта Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта өтті.

Комитет төрайымы «Қоғам ізгілігінің, оның дамуының, өркениеттілігінің деңгейін оның әлеуметтік әлсіз мүшелері – қарттардың, мүгедектердің және жетім балалардың өмір сүру жағдайы сияқты әлеуметтік параметр арқылы анықтауға болатынын атап өтті. Бұлар отандастарымыздың ішіндегі мемлекет, қоғам тарапынан шын мәнінде көмекке, күнделікті ықылас пен қолдауға мұқтаж топ. Біз бұл адамдар қамқорлықты сезінетіндей, мүмкіндігінше, қоғамға пайда келтіре алатындай, ал бұл адамдардың көпшілігі осыған ұмтылады да, қолдан келген барлық жағдайды жасауымыз керек, – деді комитет төрайымы.

2011 жылы Қазақстанда әлеуметтік қызметтер көрсететін, оның ішінде тұрғын жаймен де қамтамасыз ететін 293 ұйым болды, олардың 87-сі қарттарға және ересек мүгедектерге арналған интернат-үйлер, онда 12 мыңнан астам адам тұрып жатыр, 27 мүгедек балаларға арналған интернат-үйлерде 3 мыңдай мүгедек бала тұрады. Сонымен қатар, осындай қызмет көрсететін басқа типтегі 179 ұйым бар.

Қазақстанда барлығы 1 млн. 769 мың зейнеткер және 60 мыңнан астам мүгедек бала есепте тұр, олардың 51,4 мыңы 16 жасқа дейінгі балалар, 8,9 мыңы 18 жасқа дейінгілер.

БҰҰ-ның егде адамдарға қатысты 1 қағидатына сәйкес олардың табыс көзін қамтамасыз ету, қоғам тарапынан қолдау жасау арқылы азық-түлікті, суды, тұрғын үйді, киім және медициналық қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндіктері болу керек.

Бүгінгі күні қарттар мен мүгедектерге арналған интер­нат-үйлер бұларға деген қамқор­лық жасайтын мемлекеттік меке­ме­лердің ең кең тараған типі болып табылады.

Ағымдағы жағдайда балалар үйлері мен жасөспірімдер үйлерінің саны туралы нақты статистика қолда жоқ. БАҚ мәліметтері бойынша Қазақстанда 25 балалар үйінде ата-анасыз 3 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Олардың көпшілігі жекеменшік.

ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша әйелдер көбінесе тұрғын үйдің болмауынан және табыстың аздығынан балаларынан бас тартады.

Қазақстанда ресми түрде 37 мың жетім бала тұрады (Қазақстандағы барлық балалар саны – 5 млн. 103 мың). Мемлекет жыл сайын 1 баланың тәрбиесіне 1 млн. теңге жұмсайды.

Балалар үйлерін әлеуметтік тұрғыдан бақылау жүйесі жетіл­дірілмеген. Балалар үйінің жеке құрамымен жұмыс та көңілдегідей емес. Онда жұмыс істейтіндердің біліктілігін көтеруге аз көңіл бөлінеді. Олармен психологиялық жұ­мыстар жүргізілмейді. Ба­лалар үйлерін өте жақсы қар­жы­ландырғанның өзінде адами фактор барлық материалдық же­тістіктерді жоққа шығарады.

Қазақстандық балалар үйле­рін­де 13 мыңға жуық бала тәр­бие­ленеді. Бұдан басқа, 29 жасқа дейінгі жетімдер тұратын жас­өспірімдер үйлері мен жастар үй­лері ашылуда.

Сарапшылардың пікірі бо­йынша, бұл жүйенің басты проб­лемасы балалар үйлері тү­лек­терінің өз бетімен өмір сүруге бейімделмегені болып отыр.

ЮНИСЕФ-тің статистикасы бойынша, балалар үйінен шыққан қыз балалардың 60 пайызы жезөкшелікпен айналысады, ал ер балалардың 70 пайызы қылмыскерлік жолды таңдайды.

2000 жылмен салыстырғанда, сәбилер үйінде тұратын балалар­дың саны 40 пайызға қысқарды.

Дариға Нұрсұлтанқызы осы жайларды айта келіп, отырысқа қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселе бойынша ашық әңгімеге шақырды.

Күн тәртібіндегі мәселені талқылауға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-минис­трі С.Қ. Жақыпова, Білім және ғылым министрлігінің Ба­лалар құқықтарын қорғау коми­теті төрағасының орынба­са­ры Б.О.Әлібаева және Денсау­лық сақтау вице-министрі Е.Ә.Бай­жү­нісов қатысты.

Содан кейін отырысқа қаты­сушылар онлайн режімінде Қазақстан өңірлерімен байланысып, баяндамашыларды тыңдады, оларға сұрақтар қойды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар