Елбасы • 09 Қараша, 2020

Елбасының бірегейлік идеясы немесе Қазақстан халқы Ассамблеясы қалай дүниеге келді?

2455 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында республиканың экономикалық жағдайы нашарлап, әлеуметтік ахуал шиеленісіп кетті. Сондықтан елдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандырып, нарық экономикасы мен демократияға бет бұру үдерістерін дамыту үшін президенттік басқару жүйесін енгізу қажет болды. Жаңа билік институтын енгізудің келесі бір себептерінің қатарына Қазақстанның көпұлтты мемлекет болғандығы жатады. Өйткені Президент болып сайланған адам сонымен бірге еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстардың қолдауына ие болып, реформаларды әрі қарай тереңдетіп, тәуелсіздікті нығайтуы керек еді.

Елбасының бірегейлік идеясы немесе Қазақстан халқы Ассамблеясы қалай дүниеге келді?

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды

Нұрсұлтан Назарбаев тәуел­сіздік қарсаңындағы еліміздегі саяси ахуалдың ұлттық қыры­на ерекше мән беріп, қоғамды демократияландыру жолында бей­бітшілік пен тұрақтылықты сақтау, реформаларды тереңдете түсудің маңызы артты. Елбасы бір мезгілде іске асыруды мақсат еткен демократия да, азамат­тық қоғам да, мемлекет құру да түбінде ұлт мәселесіне келіп тіре­летіндігін жақсы түсінді. Сонау 1990 жылы «Қазақстан көпұлтты, оның бірегейлігінің өзі де осында», дегенді Тұңғыш Президент бекер айтпаса керек.

Елбасы егемендігін алған кезден бастап Қазақстанның алдында көпұлтты елдің мемлекеттік сәйкестігін, яғни азаматтығын қалыптастыру міндетін шешудің маңыздылығына көп көңіл бөл­ді. Себебі жас тәуелсіз мемле­кет үшін азаматтық бірегей­лік ел дамуының басты факторы және оның тұрақты дамуы­ның алғы­шарты болатын. Қазақ­стан­ның әлеуметтік-экономи­ка­лық, қоғамдық-саяси және демо­графиялық жағдайын ескере оты­рып, азаматтық бірегейлікті қазақ­стандық, ұлттық немесе мем­ле­кеттік бірегейлік деуге де бола­ды. Еліміздің көпэтносты құра­мы мен көпконфессиялығын еске­ре отырып мемлекетіміздің Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назар­баев азаматтық сәйкес­тіктің шешімін табу қажеттігін көріп, мә­селенің астарына терең үңілді.

Осы жағдайды ескере отырып Елбасы тәуелсіздіктің ең алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлтаралық татулықты сақтау мен нығайту және қазақстандық сәйкестікті немесе тақылеттестікті қалып­тас­тырудың жеке моделінің негізіне этностық емес, азаматтылық қа­ғи­датын алып, жүзеге асырды. Елбасы «...Біз саяси, азаматтық бірлікке ұмтылып отырмыз және де Қазақстан халқы әлдебір жаңа этникалық қауымдастық ретінде емес, түрлі ұлттар азаматтарының қауымдастығы ретінде көріну­ге тиіс, осы заманғы Қазақ­стан­­ның бірегейлігі – этностық сан­алуандығында. Біздің стра­тегиялық міндетіміз – қоғамды одан әрі топтастыру және бір­тұтас қазақстандық, бәсекеге қабі­летті ұлтты қалыптастыру»,  деп, мәселені турасынан қойды.

Азаматтық бірегейлікті немесе біртектілікті жеке адамның әлеу­меттік бірегейлігінің құ­рам­дас бөлігі ретінде қарас­тыр­ған жағдайда, Н.Ә.Назарбаев айтқандай, еліміздің әрбір тұр­ғыны өзін этносына қара­мастан Қазақстан Республика­сының азаматы, яғни қазақстандық ретінде сезінуі, өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруы керек. Азамат­тың өзін осы мемлекетпен, оның мақсаттары және мәде­ни, этностық, тілдік, діни әралуан­ды­лыққа негізделген жалпы­ұлт­тық құндылықтарымен бірдей санауы, ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жалғасатын осынау үдерісте өзінің рухани байланысын ұғы­нуы, сол сияқты мемлекет пен қоғам өміріне белсенді қаты­суы немесе араласуы сол мем­лекеттің тұрақты дамуының ал­ғы­шарты болды. Осы негізде бірік­кен халық мемлекеттің тұ­рақ­тылығын сақтауға мүдделі болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ­стандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамытуға айрық­ша көңіл бөліп, осы мәселеге деген өзінің жаңа концептуал­дық ұстанымы – қоғамдық келі­сім мен жалпыұлттық бір­лік­тің қазақстандық үлгісін негіздеді. Сондықтан да бүгін біз бірлік­сіз ұлттың болмайтынын, ұлт­сыз мемлекеттің қалып­тас­пай­тындығын, ал мемлекетсіз  болашақтың жоқтығына көз жеткізіп, Қазақстанның ұлттық бір­лігі «әралуандықтағы бір­лік­­те» екендігіне куә болып отыр­мыз. Ендеше еліміздің тәуел­сіздігін, қоғамдық бірлік пен тұрақтылықты бұрынғыша өзі­нен-өзі аспаннан түсе қалған сый ретінде емес, керісінше, бар болмысымызбен оның адам айт­қысыз жауапкершілік пен шы­дам­дылықты, ең бастысы, адам­гершілік пен сыйластықты, көп тер төгуді талап ететін еңбек екен­дігін түйсінген абзал. Осылай болғанда ғана Қазақстанның бар­лық азаматтарының жүрегінің түбінде қазақстандық патриотизм сезімі ұялайтыны анық.

Әрине, әлеуметтік, экономи­калық, этномәдени және дүние­танымдық тұрғыдан бөлшектеніп кеткен қоғамда бірегейлікті қа­лыптастыру оңайға түскен жоқ. Дегенмен мәселе қаншалықты қиын болса да, оны іске асырудың алғышарттары бар болатын. Бұл – ең алдымен ортақ тарих пен менталитет және ұлтаралық келі­сім. Мемлекет те өз кезегінде қа­­жетті шараларды іске асырып, адамдардың сана-сезімін өз­гер­тіп, олардың беттерін бері қа­ратуға жағдай жасауға кіріс­ті. Ең алдымен тұралап қалған экономиканы көтеріп, халық­тың алдындағы әлеуметтік міндет­темелерін орындауды қолға алу­дың маңызы зор еді. Халыққа тәуелсіздік алған Қазақстан­ның алдағы уақыттағы дамуының бағыт-бағдарын, мақсат-мүдде­лері мен перспективаларын тәп­тіш­теп тұрып түсіндіріп, нақты нәти­желерге қол жеткізіп, сөз бен істің арасын алшақтатпай олардың жүрегіне сенім ұялату қажет болды.

Тәуелсіз Қазақстанда азамат­тық бірегейлік пен азаматтық қауымдастықтың негізі қаланып, демократиялық үдерістердің қалыптаса бастауы көпұлтты және көпдінді елде ойдағыдай іске асырылып жатқандығына көп мән берілді. Өйткені «алдымен экономика, содан кейін сая­сат деген» Н.Ә.Назарбаевтың «қазақстандық жол» ұстанымын іске асыру үшін қоғамдық келі­сім мен азаматтық татулық қа­жет болды. Қазақстандағы тұрақ­ты­лық көпэтностық қоғамға және ұлтаралық келісімге арқа сү­­йейтіні белгілі. Осы ұста­ным­ға сай ұлт саясатын саясат­тан­дыруға жол берілмеді. Кері­сінше, Қазақстанды мекенде­ген барлық этнос өкілдерінің өмір­лік қажеттіліктерін қанағат­тан­­­дыратын әлеуметтік-эконо­микалық, мәдени мәселелерге көп көңіл бөлінді. Нәтижесінде, Елбасы Қазақстанда этносаралық келісімнің өзіндік қазақстандық моделін құрды. Кез келген этнос­қа және дінге жататын қазақ­ста­ндық – тең құқылы азамат, біртұтас азаматтық қоғам­ның ажырамас бөлігі. Бұл, шын мәнінде, әлеу­меттік бағдардағы нарық, ұлт­аралық және конфессияаралық төзімділік, әлеуметтік ынтымақ­тас­тық ұстанымдарына арқа сүйейтін күшті, өміршең демо­кратиялық қоғам құру еді. Ел­басы әсемдік пен ақылға сы­йым­­ды тұтастық  астаса келіп, ұлттық дәстүрлер мен демокра­тиялық ұстанымдар қалыптас­тыратын еркін қоғам», деп осы мәселедегі «қазақстандық ұстанымды» нақтылап та берді.

«Қазақстандық жол» тұрақ­тылықтан – жаңғыру арқылы – өркендеуге жетуді көздейді. Елбасы оны барлық этностар азамат­тарының құқықтары мен бос­тан­дықтарын нығайту бағы­ты­мен тығыз байланыстыра қарады. Осы тұста Тұңғыш Пре­зиденттің қоғамдық қатынас­тардың ең шетін де маңызды өрісі ұлтаралық қатынастар екендігіне ерекше көңіл аударып, ол эксперимент жасайтын жер емес, оны көздің қарашығындай сақтау үшін мемлекеттік органдар да, азаматтық қоғамдардың институттары да бірдей жауапты деп үнемі ескертумен болғанын еске салған жөн.

Сонымен бірге Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің сөйлеген сөздерінің барлығында дерлік Қазақстан қоғамындағы тату­­лық пен бірлікті сақтаудың ма­ңыз­дылығына баса назар аударды. Сайып келгенде, қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім, толеранттылық және ортақ тарихи тағдыр сияқты халық құндылықтары, жаңа қалыпта­сып келе жатқан ұлттық бірлік пен этносаралық өзара құрметтің қазақстандық моделі елдегі жүр­гізіліп жатқан ұлт саясатының негізіне айналды. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі мызғымас бірліктің ұйтқысы, сарқылмас берекенің бастауы, татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болмақ.

Қазақстанда елдің Ата Заңы­на сәйкес халықтарды алаламайтын, баршаның еркін дамуына мүмкіндік жасайтын ашық саясат жүргізіледі. Осылайша Қазақстанның жалпыұлттық келісім моделін жасауға барлық ұлт өкілдері өз үлестерін қосуға мүм­кіндік алды. Осының негі­зін­де қазақстандық модельдің эт­нос­­тық, конфессиялық және тіл­дік саналуандылығы, ел­д­е­гі этнос­тардың мәдениеті мен тілін дамыту, тағаттылық пен жауап­­кершілік, қазақ этносы­ның топ­тастырушы рөлі және қазақ халқының бірлігі сияқты қағи­даттары екшеліп шықты. Ең бас­тысы, ұлттық бірліктің беріктігі Қазақстан халқы  Ассамблеясы мен барлық этномәдени бірлестік­тер жұмысының тиімділігін арттырумен тікелей байланысты екендігін түсінген жөн.

Бұл – қоғамда мемлекеттік және патриоттық сана-сезімді оятудың іргетасын қалай­тын қадам болды. Осы жағдай­­лар Ел­­басы Н.Ә.Назарбаевқа «...біз­­­дің стратегиялық бағыты­мыз бір­мәнді, ол – Қазақстан­ның бар­­лық азаматтарының сая­си тұт­астығының басымдығы, біз­дің ортақ азаматтығымыздың біре­гей­ліктің барлық басқа түр­лері­нен басымдығы», деген қоры­тынды жасауға мүмкіндік берді. Өйткені, сонда ғана бүкіл­қазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналады.

Қазақстан таңдаған көп еңбекті және тынымсыз жұмысты талап ететін жолдың басы-қасында тұр­ғандықтан Елбасы татулық пен ұлтаралық тұрақтылықты сақтау мақсатында әу бастан-ақ түйі­су нүктелерін іздеп, халықтар ара­сындағы келісім мен сенім аймақтарын кеңейтуге бар күшін салды. Ұлттық мәселені әділетті шешудің бірден-бір тиімді жолы мен институты ретіне 1995 жы­лы Қазақстан халықтарының Ассамб­леясын құрып, оны түрлі ұлттар азаматтарының қауым­дастығын құрудың, түрлі этнос­тар өкілдерін азаматтық тұ­тас­тыру құралдарының біріне теңе­ді және ұлт саясатын ілгері­лету­дің басты құралы деп есеп­теді. Ұлттық саясаттың басты қа­ғи­даттары айқындалды. Ол мәмі­леге негізделген қоғамдық тұрақ­тылық, заңның үстемдігі мен тәуелсіздікті нығайту болатын. Бұл мәселені шешуде эволю­циялық ұстанымға басым­дық берілді. Ассамблеяны құру­дағы басты мақсат – Қазақ­стан халқының бірлігі мен тұрақ­тылығын сақтау. Сонымен қатар алда тұрған мақсаттардың ара­сында елдің этностық даралы­ғын дамыту мен ұлттық-мәде­ни саналуандылығын қамтама­сыз ету, оның барлық азаматтары­ның құқық теңдігі негізіндегі ұлтара­лық келісім мен саяси тұрақ­тылық, мемлекеттің тұтастығы мен көпұлтты халықтың бірлігіне қол жеткізу.

Бұл мәселеде ешбір күдік келтірмей ұғынып алатын екі ақиқаттың барлығын Елбасы Н.Ә.Назарбаев ескерткен болатын: Қазақстан әрқашан да көпэтносты мемлекет болады және біздің көпэтностығымыз – орасан зор мәдени, экономикалық және саяси ресурс. Ұлтаралық қатынастарға мұқият болу, онда болып жатқан үдерістерге дер кезінде құлақ асу қажеттігіне сол кездің өзінде-ақ көңіл аударылды. Өйткені тұрақтылық көпэтностық қоғамға және ұлт­аралық келісімге арқа сүйейді. Ал ұлтаралық келісім – саяси тұрақтылықтың негізі болды.

Қазақстан халқы Ассам­блея­сы­ның құрылуы түрлі мәдениет­тердің үндесуін жолға қойып, жалпы қазақстандық азаматтық құндылықтарды бойына сіңір­ген көп мәдениетті қоғам қалып­тастырылды. Үйлесімді тіл сая­саты іске асырылып, еліміз­дің рухани түлеуін, оның дін­ара­­лық келісімі мен қоғамда адам­­дардың бір-бірін жатсын­бауы­на қол жеткіздік. Енде­ше ұлт­­тық келісімнің басты мін­­дет­­терінің қатарына Қазақ­стан­ды рухани келісім еліне ай­нал­дырудың да жататынын ес­тен шығар­маған абзал. Бұл жағ­­дай аза­мат­тары­мыздың сана­сын­да­ғы бетбұ­рысқа әкелді. Сөй­тіп, біз Қазақ­стан үшін көпұлт­ты­лық қоғам­ның кемшілігі емес, қайта ар­тық­шылығы екен­ді­гін іс жүзін­де дәлелдедік. Елба­сы Н.Ә.Назар­баев атап көр­сет­­кен­дей, Қазақстан жағ­дайы­нда «осал тұсымыз» деп санал­ған көпэтностығымыз бен кон­фес­сиялығымызды өз ар­тық­­шы­лығымызға айналдыра ал­дық. Ол же­тіс­тіктерге қол жет­кізуі­­міз­дің басты себебі біздің ұлт­ара­лық мәселелерді шешуде «көп­­қыр­­лылықтың бірлігі» деген қағи­­даны басшылыққа алған­дығы­мызда болып отыр. Мем­лекетт­ік саясат ұлттық бір­лік­ке, қоғам­ның топтасуына бағыт­тал­ған жағдайда елдің әлеуметтік мүмкіндігін еселей түсері анық. Қазақстандағы сауатты ұлттық саясаттың арқасында мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақтардың құқықтарын іске асыру мен бар­лық азаматтардың ұлттық бел­гі­лері бойынша құқықтарын шек­теу­ге жол берілген жоқ. Сөй­тіп, тұ­рақ­­тылық сақталып, қазақ­стан­­дық қоғам ұлттың даму мен өркен­­деу жолында бірігуіне жағ­дай жасалды.            

Ұлттық бірліктің беріктігі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен барлық этномәдени бірлес­тіктер жұмысының тиімділігін арттыруға тікелей байланысты. Тәуелсіздік жылдары ішінде Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бас­тамасымен Рухани келісім күні, Құрбан айт, Пасха сияқты дәстүрлер қалыптастырылды. Қазақ­стан халқының бірлігі ұлт­тық келісім мен діни түсіністік­ке негізделген бірегей қоғам­ның қалыптасуына жеткізді. Бұл қоғам­ның асыл мұраттарына тәуел­с­іздік, бірлік, келісім және өркендеу жатады. Сондықтан Қазақстан – біртұтас жер, біртұ­тас халық, біртұтас болашақ ме­кеніне айналды. Мұндай көпұлтты қоғамда, ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосар­ланған стандарттарға жол беріл­меуі тиіс.

Жаңа жағдайларда жалпыаза­маттық, саясатүстілік және жал­пы­халықтық институт болуы тиіс. Ассамблея – нағыз жал­пы­халықтық өкілдік. ҚХА жаңа мін­деттерінің қатарына зама­науи жүйелі модернизация­лау мін­деттеріне жауап бере­тін қоғамдық сана-сезімді қалып­тастыру, азаматтық бірегейлікті нығайту мен бірлігімізді қам­тамасыз ету жатады. Ал жалпы алғанда,  Ассамблеяның ең басты мін­деті – еліміздегі қо­ғам­дық келі­сімді сақтау. Олай болса, Қазақстанның жағ­дайын­да ұлттық келісім мен мә­дениеттердің үндесуі сонымен бірге діндердің үндесуі дегенді аңғартса керек. Ол «Бірлік алуан­дықта, көпұлттылықта, көп­­кон­фессиялықта» деген қағи­даға негізделеді және басқа өрке­ниеттердің, мәдениеттердің бар екендігін, олардың да терең тарихымен, ділімен санасу керектігін ескереді. Ендеше мәдениеттер мен діндердің байланысы жағдайында өмір сүре білу, оған үйрену қазақстандық қоғам үшін өте маңызды қажет­тіліктердің бірі деп түсінгеніміз жөн. Қазақстанда қазіргі кезде ұлтаралық және конфессиялық келісімнің тиімді жүйесі негізінен қалыптасқан. Ол қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын сақтаудың елеулі факторы болып есептеледі. Сондықтан да дін мәселесінің саясаттануына жол бермеу біздің аса маңызды міндетіміз деп ұғынған дұрыс. Оның үстіне қазақстандық конфессиялардың же­тек­­шілері Ассамблеяның мүше­­­лері. Ендеше дін де көпте­ген халық­тың ұлттық топтасу факторына айналуына ерекше мән берілгені абзал. Саяси реттеу дәстүрі дәрменсіз жағдайда Құдай сөзі татуласу мен үміттің жалғыз құралы болып қала береді. Діннің діңгегі – дәстүрмен берік деген бар. Ол деген сөз сол зайырлы қоғамның дәстүрлері мен мәдени үдерістеріне сай келетін діни сана қалыптастыру керектігін мең­зейді. Сондықтан қазақ қоғамы­ның алдында мем­лекеттің, қоғам мен діннің өзара қарым-қаты­нас­­тарының моделін табу мін­деті тұрды. Алайда зайыр­лы­лық деген атеистік дегенді білдір­­месе керек. Керісінше, Елба­­сы Н.Ә.Назарбаев атап көрсет­кен­дей, зайырлы дегеніміз – ілгері­шіл, бейбіт сүйгіш, толерантты, ашық қоғам дегенді аңғартады.

Қазақстан халықтары Ассам­­­­­блеясы дегеннің орнына Қазақстан халқы Ассамблеясы деген жаңа атауы берілгенде оған  қоғамды одан әрі топтастыру басты мақ­сат ретінде жүктелген болатын. Яғни болашақта Ассамблея тарихын тұрақтылық тарихына айналдыру  міндеті тұрды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ассамблея құру арқылы ұлтаралық бірліктің стратегиялық дербес жолын тапты, бейбітшілік пен келісімді кіріктіруші моделін дүниеге әкелді. Ол «Саналуандылықтағы бірлік» және «Бір ел, бір тағдыр» сияқты этносаралық саясаттың негізгі қағидаттары негізінде іске асырылуда.

 

        

Жапсарбай Қуанышев, 

саяси ғылымдар докторы