16 Сәуір, 2010

МҮМКІНДІККЕ ҮЙЛЕС МІНДЕТ

595 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Отандық дәрілерді жергілікті өсімдіктер түрлерінен жасап, шы­ғаруды бұдан он бес жыл бұрын бас­­таған біздің ғылыми-зерт­теу орта­лығы адамдар денсау­лығы үшін маңызы мейлінше зор бұл істі одан әрі жетілдіруді мерей­лі міндет санай­ды. Сөз орайында айта кет­кен­де, қазір қазақстандық фарма­цев­тика өнеркәсібінің көш­бас­шысы болып танылып отыруы­мызға Ел­ба­сы­­ның қолдау-қамқор­лы­ғы­ның үлкен ықпалы тиіп келе­­ді. Алғашқы қадам­нан-ақ істеріміз бен ізденіс­теріміздің, соған қатыс­ты мәселе­лер­дің ұдайы назарда ұс­талуы салаға қандайлық жауапкер­шілік жүктелуін көрсетеді. Елбасы Жолдауында төл дәрілік препарат­тардың ішкі тұты­ну­дағы үлесін 50 пайызға көтеру қажет­тігі алға қойылуы, бірінші кезекте бізге артылған тапсырма деп білеміз. Бүгінде елімізде дәрі-дәрмек­тер­ге сұраныс әзірге негізінен сырт жерлерден жеткізілу арқылы өтеліп жүргендігі жасырын жай емес. Ал құлаш кеңейген, ұмтылыс ұлғайған шақта осынау олқылық­тың орнын алдағы бес жылда толтыра алуы­мызға мүмкіндік бар деуімізге бо­­ла­ды. Бұған қажетті базалық жағ­дайлар жасалған­дығы, енді оны нығайтып, дамытуға қадам беріктігі сен­діреді. Соның нақты бір мыса­лы ретінде холдинг жанынан фито­препараттар шыға­ра­тын өндірістік кешеннің бірінші және екінші кезегі былтырдан бері жұмыс­қа кіріс­кендігін атар едік. Биыл салы­на бастаған үшінші кезегі аса ма­ңызды өнім көлемін арттыра түседі. Әрине, ең бастысы бәсекеге қабі­летті, өтімділігі жоғары дәрі­лер­ді көп­теп шығару мақсат тұты­лады. Мәсе­лен, қатерлі ісікке қарсы қол­даны­латын “Арглабин­ге” сұраныс бұған дейін де аз емес еді, шипалық қасиеті алысқа танылған сайын тап­сы­рыс беру өскен үстіне өсіп отыр. Қазіргі кез­де елімізде онколо­гия­лық ауру­дың әр түріне 150 мың­нан астам науқас шалдыққан болса, өкінішке қарай, сиреуі селдірей қоймауда. Аталған препаратқа сұра­ныс жылы­на 5 миллион ампуланы құрай­ды. Онымен қамтамасыз етілуді толық еңсеруіміз – жетіс­тіктеріміздің бірі. Барлық онколо­гиялық клиникалар “Аргла­бинді” зәруліксіз пайдалана алады. Жалпы, Алматы, Астана, Шым­кент, Павлодар қалаларында орын тепкен фармацевтикалық өндіріс­тер Қарағандыда құрылған респуб­ликалық фармацевтикалық кластер аясында бірігіп жұмыс істейді. Ортақ мүдде жолындағы өзара тығыз бай­ла­ныс тұрғын­дар­дың денсаулы­ғын сақтау, қорғау үшін ынтымақты жауап­­кер­шілікті күшейтуге бағытталған. Бұл саланы жаңа деңгейге көтеруде атқарылар іс-шаралар жетіп-артылады. Осы орайда мүм­кіндігінше тезірек дәрілік заттар сапасын халықаралық стандарттар талабына жеткізу керектігі өзекті мәселе. Түйіндеп тоқталғанда, зертханалық, клиникалық, өндіріс­­тік, дистрибью­терлік және дәрі­ханалық қағидаттар­дың ережелері (GLP, GCP, GMP, GDP, GPP) орындалуы жолға қойы­лу­ға тиіс. 2015 жылдан бастап GMP ұлттық стандарты міндетті болып санала­тындығына орай алдын-ала дайын­­­­дықты ширата түсу кешеуіл­детілмегені жөн көріледі. Сонымен қатар фар­ма­цевтика­лық өнер­кәсіпті өр­кендетудің стра­­­тегиялық негізіне сала­ның инно­ва­ция­­лық бағыт­та дамытылуы алы­нуы қажет. Осы орайда шетел­дік және отандық ин­вестор­ларды тарту арқылы жергі­лікті ғалымдар­дың ғылыми белсен­ділікке ынта­сын кү­шейтуге ыңғай­лы алғы­шарт­­тар жаса­лар еді. Екін­ші жағы­нан, олар­дың тиімді жоба­ларын өндіріс­ке енгізуге мемлекет­тік қолдау көр­сетілудің артықтығы жоқ дер едік. Реті келгенде тоқталып өтер жай, бүгінде өтімді деген отандық дәрі-дәрмектердің өзін сыртқы рынокқа шығару қиын. Өйткені, біразы GCP талаптары бойынша клиникалық сынақтардан өтпеген. Бұл үшін де кең көлемде инвес­тиция тартылуы керектігі байқалып отыр. Мұның сыртында кедендік рәсімдегі кедергілер бар. Ендігі бір мәселе, дәрілік пре­параттарды жарнамалау жайына тіреледі. Мұның себебі, “Дәрілік құралдар туралы” Заңға сәйкес бұған шек қойылған. Сондықтан көпшілік өзімізде шығарылатын дәрі-дәрмектер түрлерін, шипалық қасиеттерін жеткілікті біле бермей­ді. Осыған байланысты осы өнім­дер­дің жұртшылыққа танымал болуы, өтімділігі жоғарылауы үшін жарнамаға жол ашылуы қажет. Біздіңше, қазақстандық фарма­цевтикалық өндірісті қалыпты жолға қоюда мынадай мәселелер­дің шешімі табылғаны жөн сияқ­ты. Аталған сала кәсіпорын­дары­ның жұмысын жаңғыртуы және жаңа өндірістер құруы үшін жеңіл­детілген несие бөлінуі, сон­дай-ақ айталық Ресейде отан­дық пре­па­рат­тардың тіркелуі шығынын қар­жыландыру қарастырылуы керек. Көңілімізге қонып жүргендей, ғылымның соңғы уақыттарда ұйым­­дық, құрылымдық, кадрлық, қар­жылық қамтамасыз етілу жағы айтарлықтай жағымды өзгерістерге ұшырады. Осы бағыттағы рефор­ма­лауды тереңдету мақсатында “Ғы­лым туралы” жаңа Заңның дайын­далып жатуы үлкен үміт арттырады. Көп күттірмей қабылдануы қаланады. Өмірдегі жаңалықтардан, жаңғыру­лардан қалыс қалмай, алға ұмтылуға ауадай қажет құжат. Мүмкіндікке үйлес міндетіміз айқын әрі биік. Ол отандық фар­ма­цевтиканың жолын оңғарта беру. Серғазы ӘДЕКЕНОВ,  “Фитохимия” халықара­лық ғылыми-өндірістік холдингі” АҚ басқарма­сы­ның төрағасы, академик. Қарағанды.