Таяуда бұқаржыраулық еріктілер бақшадан 30 қап картоп жинап, оны жалғызлікті қарт адамдарға, көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға теңдей қылып таратып берді.
Бұқар жырау аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәдина Сұлтанғали қайырымдылық бақшасын отырғызу идеясын еріктілердің бірауыздан мақұлдағанын айтады.
– Биыл картопты біздің пікірлесіміз Ахметхан Бекболаттың жер теліміне тестілік режімде отырғыздық. Барлық жиналған өнім мұқтаж адамдарға таратылып берілді, – дейді ол.
Өздері дәнін сіңіріп, мәпелеп өсірген картоптың жақсы өнім бергенінен қанаттанған ерікілер келесі жылы көкністің басқа да түрін мол ғып өсірмекші.
Қарағанды облысы