Аймақтар • 18 Қараша, 2020

Арқадағы алып зауыт 37 елге өнім экспорттайды

591 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы YDD Corporation ЖШС зауыты былтырдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Негізінен бұл кәсіпорын болат, шойын қорытпаларын балқыту және легирлеу кезінде металдардың механикалық және коррозияға төзімділігін жақсарту үшін қолданылатын жоғары сапалы ферросилиций өндірумен айналысады.

Арқадағы алып зауыт 37 елге өнім экспорттайды

Аталған өнім өнеркәсіптік, азаматтық құ­­рылыста, кеме, әуе, автомобиль өнді­рі­сінде және басқа да маңызды салаларда қол­данылады. Айта кететіні, жобаның қазақстандық мазмұнының үлесі 95%-дан асады. Ал зауыттың өндірістік қуаты жылына 180 мың тоннаны құрайды.

Жуырда YDD Corporation ферроқорытпа зауытында үшінші пеш іске қосылды. Мұның өзі кәсіпорынның жалпы өндірістік қуатын 30%-ға арттырмақ. Сәйкесінше жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз.

YDD Corporation ЖШС құрылтайшысы Ерлан Нығматулин жаңа пештің алғаш рет ше­телдік мамандардың көмегінсіз іске қо­сыл­ғанын айта келіп, зауыттың өнім­ді­лі­гін арттыру бойынша алға қойған мін­деттерді ойдағыдай жүзеге асыра алған қыз­­меткерлерге, серіктестерге, мерді­гер­лер­ге алғысын жеткізді.

– Бұл кәсіпорында Made in Kazakhstan тауарын халықаралық деңгейге шығаруға қабілеті жоғары білікті мамандар еңбек ете­тінін тағы да дәлелдейді. Зауыт өнімі сапа саласындағы ең жоғары әлемдік талап­тар­ға сәйкес келеді. Пандемия кезеңінде біз сату географиясын 15 елге кеңейтіп, Қазақ­стан Республикасының экспорттық әлеуетін дамыттық. Қазіргі уақытта зауыт әлем­нің 37-ден астам еліне өнім экспорттайды. Олардың қатарында негізгі өткізу на­рықтары болып саналатын Жапония, Оң­түс­­тік Корея, Еуропа, АҚШ және тағы басқа да мемлекеттер бар, – дейді Е.Нығматулин.

Айта кететін бір жайт, коронавирус ин­фек­­циясы өршіп тұрған алғашқы толқын ке­зе­ңінде кәсіпорынның ауысымдық жұ­мыс кестесінен вахталық жұмыс әдісіне көш­ке­ні өндірістің ағымдағы көлемін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Бұл компания акцио­нер­лерінің күрделі мәселелерді жо­ғары деңгейде шеше алатын әлеуетін көр­сетеді.

YDD Corporation құрылтайшысы Давид Кемертелидзе қазіргі жағ­­дай­ға қарамастан, жаңа пешті іске қосу­дың жос­пардағы кестеге сәйкес жүр­гі­зіл­­генін айтады. Сонымен қатар ол Қара­ғанды фер­роқорытпа зауытының әлем­дік ин­вес­­тициялық қоғамдастыққа Қазақ­стан экономикасының мүмкіндіктері мен Қа­зақ­стан басшылығы құрған инвес­ти­ция­лық климатты паш ететінін атап өтті.

– Мен әлемнің түрлі елдерінде, соның ішінде дәстүрлі инвестициялық климат тартымды болып саналатын Еуропада жұмыс істедім. Алайда әлемнің еш жерінде  мемлекет тарапынан инвесторлар үшін дәл осындай жан-жақты ойластырылған функционалдық қызметті кездестірмедім, – дейді Д.Кемертелидзе.

Зауыттың тағы бір құрылтайшысы Жар­­­мұхамед Аппаз пандемия салдарынан туған қиын кезеңде кәсіпорынның жер­гі­­­лікті тұрғындар үшін қосымша жұ­мыс орын­дарын ашқанын мақтанышпен айтты. «Үшінші пештің іске қосылуы өңір эко­но­ми­касының дамуына серпін бере­ді және оң муль­типликативті әсер қалып­тас­тырады»­, дейді ол.

YDD Corporation ЖШС ферроқорытпа зауытының құрылтайшылары індет ел ішіне індете енген кезде қиын жағдайды бас­тан кешкен тұрғындарға көмек қолын алғашқы болып созғандардың бірі еді. Кә­сіп­орын төтенше жағдай кезінде мемле­кет­тің іс-қимылын қолдау үшін құрылған Қарағанды облыстық қорына 100 миллион теңге аударды. Бұдан бөлек шілде айында коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін облыс ауруханаларына 100 от­те­гі концентраторын, пульсоксиметрлер мен «Эноксапарин» препаратын беріп, гуманитарлық көмек көрсетті. Тамыз айында емханалардың мобильдік топтары үшін емдік іс-шараларды жүргізуге, науқастарды тасымалдау мен олардың жай-күйіне мониторинг жүргізуге арналған және шұғыл ме­дициналық көмек шабадандарымен жа­рақ­тал­ған 10 жеңіл автокөлік өтеусіз берілді.

Міне, елге күрделі кезеңде көмек қолын созып, қайырымды ісінен жаңылмаған ком­­­­пания бүгінде өрісін кеңге жайып ке­ле­ді. Әлемдік өнеркәсіпті үдемелі дамы­ту және цифрландыру тұрғысынан ал­ған­да, Қара­ғанды ферроқорытпа зауыты ТМД аумағында да, әлемде де металлургия сала­сындағы өзінің мол мүмкіндігі мен зор әлеуетін танытып үлгерді.

 

Қарағанды облысы