Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де академик Салық Зимановтың 100 жылдық мерей тойына арналған "С.Зиманов – ұлттық құқықтық жүйенің ғылыми мектебінің негізін қалаушы" атты апталықтың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Келесі жылы отандық заң ғылымның атасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлықтарының иегері заң ғылымдарының докторы, академик С. Зимановтың туғанына жүз жыл толғалы отыр.
Ол еліміздің ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасып, дамуына айрықша үлес қосып, өзінің атын отандық юриспруденцияның тарихына алтын әріптермен жазған тұлға десек артық айтпағандық болар еді.
С. Зимановтың ғылыми-зерттеу еңбектері негінен алғанда, мемлекет пен құқық тарихы мен теориясына Қазақстан мен Орталық Азияның өзге де аймақтарында ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен даму жолдарына, тәуелсіз қазақ мемлекетінің құқықтық платформасының қалыптасуына және т.б. өте өзекті мәселелерге арналған.
Оның өмір жолы – қазіргі уақытта өте сирек құбылысқа айналған, ғылымға адал ғалымның және ары таза мемлекеттік қайраткердің ақиқат бейнесі. Салық Зиманұлы жоғары білікті құқықтанушы ғалымдар мен тәжірибелік заңгер қызметкерлерді дайындау тәрізді аса маңызды өрісте де тынбастан еңбек етті. Ол аса үлкен ғылыми мектепті қалыптастарды, оның шәкірттері қазіргі таңда еліміздің түпкір-түпкірінде, құқық саласының әртүрлі өрістерінде жемісті еңбек етуде. Олардың қатарында ұстаздарының ақ батасымен өздерін ғылыми, ағартушылық және қоғамдық-саяси қызметке арнағандары да жетерлік.
Қазақ халқының қолына уақыттың өзі берген тарихи мүмкіндікті пайдаланып, аталарымыздың арманы болған тәуелсіз мемлекетті қалыптастыруға деген қажеттілік, көптеген біртуар тұлғалардың тарих сахнасына жарқ етіп шығуына себепкер болды. Академик С. Зиманов осындай тарихи тұлғалардың бірі және бірегейі бола білді, деді құттықтау сөзінде Университет ректоры Б. Ахметов.
Шарада академик Салық Зиманов туралы бейнеролик көрсетіліп, қонақтар – Маңғыстау облысы әкімдігінің, Маңғыстау облыстық сотының өкілдері, "Билер кеңесі" Қоғамдық Бірлестігінің өкілі мен Түпқараған аудандық білім жүйесін дамыту орталығының» директоры, Түпқараған ауданында орналасқан "С.Зимановтың өмірі мен шығармашылығына арналған мұражайдың" қызметкері сөз сөйлеп, С.Зимановтың Жоғарғы оқу орындарында, ғылыми ұйымдарда басшы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Консультативтік кеңестің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты атанған жылдарында да туған тіліміз бен төл мәдениетіміздің тынысын кеңейтуге, еліміздің ырысын көбейтуге еңбек сіңіргендігін, Ата Заңымыздың негізін қаласып, заңдылықтың салтанат құруына атсалысқандығын, сондай-ақ тәуелсіздіктің алғашқы қиын да жауапты жылдарында Мемлекет басшысының қасында болып, азаттыққа жаңа қол жеткізген Отанымыздың өркендеуіне бағыт-бағдар берді, ұлт зиялыларының өнегесімен халыққа шынайы қызмет еткендігін баяндады. Білікті заңгер маман ретінде егемендік, тәуелсіздік жолындағы Қазақстанның халықаралық қатынастарын заңдастырып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, президенттік басқару институтын енгізу, құқықтық-демократиялық реформаларды жүргізу ісіне белсене араласып, қазақ халқының құқықтық жүйесін зерттеп, билер мен шешендердің билік өнерін бүгінгі ұрпаққа жеткізгендігі, Қазақстан егемен ел болғаннан кейін де мемлекеттің Конституциясы мен қолданыстағы заңдарын қабылдау және жетілдіру мақсатында көп тер төккендігі, Республика Жоғарғы кеңесінің депутаты, Комитет төрағасы және Жоғарғы кеңес Төралқасының мүшесі бола жүріп, ел үшін аса маңызды заңдардың жүйелі жасалып, орнықты бекітілуіне атсалысқандығы айтылды.
"Құқықтану" кафедрасының доценті С.Алибековтың айтуынша, апталық аясында "Құқықтану" мамандығының студенттері арасында "Қазақ билер соты – бірегей сот жүйесі" атты шығармалар сайысы өтіп, "Әділеттілік –мемлекеттің мызғымас тұғыры" атты брейн-ринг ұйымдастырылады. Сондай-ақ онлайн форматта "Салық Зиманов – ғұлама заңгер, ұстаз, қайраткер" атты ашық тәрбие сағаты, "С.Зиманов және оның отандық заң ғылымының негізін қалаудағы ролі" онлайн ғылыми-семинар ұйымдастырылады.
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 21:58
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Бүгін, 19:57
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Бүгін, 19:07
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Бүгін, 18:23
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Бүгін, 17:16
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Бүгін, 14:05
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Спорт • Бүгін, 13:28
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 12:24
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар