Ханой ұлттық педагогикалық университетінде Абай Құнанбайұлының вьетнам тілінде шыққан «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Абай XIX ғасырдың аяғында, қазақ халқы тарихи қиылысқа тап болған уақытта шығармашылық жасады. Ақын өзгерген әлемнің дәстүрлі көшпелі қоғамды орны толмас күйде жойып жатқанын, ал халқы тарихтың шетінде қалмау үшін қалыптасқан тәртіптің толық жаңаруынан өтуі керек екенін өте жақсы білді. Міне, осы кітапта оның отандастарына деген үндеуі осыған негізделді», - деп атап өтті Қазақстан Елшісі Ерлан Байжанов ойшылдың әйгілі туындысын таныстыру кезінде.
Кітаптың вьетнамдық басылымы оның алғысөзі ретінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» атты мақаласымен ашылады, соның арқасында вьетнамдық оқырман Абай тұлғасы мен оның мұрасының қазіргі қоғам үшін маңызы туралы құнды ойлар жинай алады.
Дипломаттың айтуынша, бұл кітаптың аудармасының тұсаукесері Ханой ұлттық педагогикалық университетінде өтіп жатқанының символдық мәні бар, өйткені мұнда Абай атындағы ғылым және мәдениет орталығы жұмыс істейді.
«Қара сөздерді» вьетнам тілінде басып шығару – Вьетнам аудиториясы үшін Қазақстан, оның халқы, қазақ тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы көбірек білуге таптырмас мүмкіндік», – деді университеттің Әкімшілік кеңесінің төрағасы және партиялық комитетінің хатшысы До Вьет Хунг.
Абай кітабының аудармашыларының бірі, Вьетнам жазушылар одағының вьетнамдық және орыс әдебиеттерін таратуға қолғабыс көрсету қоры директорының орынбасары Ле Дык Ман да өзінің әсерімен бөлісті. Көркем аударма шебері атқарылған жұмыс туралы ой қозғай отырып, «аударма қызметі - бұл екі ұлттың, екі мәдениеттің байланыстырушы көпірі, ал әрбір аударма осы көпірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Біздің аударма Вьетнам мен Қазақстан арасындағы осы көпірдің алғашқы бөлігіні бірі болғанына қуаныштымын».
Хо Шан Мин Ұлттық саяси академиясының Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Хоанг Ван Нгия екі елді жоғары деңгейдегі саяси қатынастар мен сауда-экономикалық байланыстар біріктіретіндігін, алайда мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықтың ауқымы оларға сәйкес келмейтіндігін баса айтты. Ол бұл кітап осы олқылықты ішінара толтырады және одан әрі вьетнамдықтар Абай шығармашылығына, оның өзін-өзі дамыту, мәдениет, білім беру және қоғамдық адамгершілік саласындағы идеялары мен философиясына қызығушылық таныта бастайды деген сенім білдірді.
Тұсаукесерде сөз алған университеттің Тарих факультетінің деканы Дао Туан Тханның айтуынша, «Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы қазақ халқының ұлттық бірегейлікті сақтау, елді жаңғырту және реформалау жолындағы тынымсыз күресін айна сияқты көрсетеді. Оның ойларын зерттей отырып, мен оның көптеген прогрессивті идеяларының қазіргі заманға сәйкес келетіндігін, дәуірінен асып кектен көзқарастарды көрсететіндігін анықтадым. Меніңше, Абайды «Шығыстың Вольтері» деп атауға болады. Бұл тұлғаалдымызда алты кейіпте көрініс табады: философ, ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, композитор, аудармашы және ағартушы».
«XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басына жататын «Қара сөздер» өзінің өзектілігімен таң қалдырады. Онда ұлттық және әлемдік мәдениеттерді интеграциялау, жастарды тәрбиелеу, рухани тәрбие, адамгершілік және гуманизм мәселелері сияқты мәселелер көтеріледі», – деп университеттің Филология факультетінің деканы До Хай Фонг та назар аудартты.
«Қара сөздердің» аудармасын басып шығарған шығарған вьетнамдық «Әдебиет» баспасының жетекшісі Нгуен Ань Ву баспадан шыққан шет елдердің бай және алуан түрлі шығармалар жинағының ұлы шығарма – Абайдың дидактикалық әңгімелерімен толықтырылғанына қанағаттанғандығын білдірді.
Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың музыкалық мұрасымен танысты, оларға «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Сегіз аяқ» атты ең әйгілі әндері орындалған бейнероликтер көрсетілді.
Қазақ классигінің 175 жылдығын мерекелеу аясында Вьетнамдағы Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған тұсау кесерге университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері, шетелдік елшіліктердің дипломаттары, бұрынғы КСРО елдерімен достық топтарының жергілікті қауымдастықтарының жетекшілері, Вьетнамның жетекші ақпараттық агенттіктері мен телеарналарының журналистері қатысты.
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Бүгін, 12:26
Жөтелді арақ буымен емдеуге бола ма?
Қоғам • Бүгін, 12:20
Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 12:16
21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 12:06
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады
Аймақтар • Бүгін, 12:03
Аягөзде 5 қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үй бастау алады
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Мағзұм Мырзағалиев қарағандылықтарға жаңа Экологиялық кодексті таныстырды
Аймақтар • Бүгін, 11:55
Атырауда сотталған азамат еріктілер қатарына қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Тайланд тұрғыны монархияны сынағаны үшін 43 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 11:46
Глубокое ауданы ауызсумен қамтамасыз етіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Балаларды вакцинациялауға қатысты жалған ақпарат тарады
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Алматылықтар 80 миллион теңге шамасындағы қарыздарын төлемейтін болды
Аймақтар • Бүгін, 11:29
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір аптада 54 адам көз жұмды
Қазақстан • Бүгін, 11:25
Дональд Трамп жаңа партия құрғысы келе ме?
Әлем • Бүгін, 11:22
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған алматылық 4 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:16
Қоғам • Бүгін, 11:08
Қоғам • Бүгін, 11:07
Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ сынағы басталды
Қазақстан • Бүгін, 11:06
Шаңғы спорты түрлерінен биылғы әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді
Спорт • Бүгін, 11:04
Әлімғазы Райымбековті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті
Руханият • Бүгін, 10:55
Мажарстанда тегін оқу стипендиясын қалай алуға болады
Білім • Бүгін, 10:45
Түрмедегі азаматтан есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:42
Ауыл шаруашылығы министрі швейцариялық компания өкілдерімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Қазақстанның 6 облысы «қызыл» аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:25
Түзеу мекемесіне жолданған шұжықтан 24 SIM-карта табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:18
Джо Байден АҚШ президенті міндетіне кірісу үшін Вашингтонға келді
Әлем • Бүгін, 10:09
Қазақстанда 25 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» концерті көрсетіледі
Қазақстан • Бүгін, 10:04
Балқашта ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:57
Батыс Қазақстан: қызыл аймаққа – бір қадам
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Атырау тұрғындары Экология министріне «Табиғат» қорын құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 09:34
Алматыда ҰБТ басталды: Эпидемиялық талап басты назарда
Білім • Бүгін, 09:30
Коронавирус: Тараз «сары аймаққа» енді
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:15
Пневмонияның 118 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:09
Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 жарым мыңнан астам пәтер үлестіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Су добынан әйелдер командасы жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 09:06
Коронавирустан бір күнде 948 адам жазылып шықты
Қазақстан • Бүгін, 09:05
Қазақстанда өткен тәулікте 1134 адам коронавирус жұқтырған
Қазақстан • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:49
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Оқиға • Бүгін, 08:45
Жетісуда індет жұқтырғандар көбейді
Қоғам • Бүгін, 08:43
Электронды қызмет көрсетуге көшті
Аймақтар • Бүгін, 08:41
Экономика • Бүгін, 08:40
Үздіктер тізімінде кімдер бар?
Спорт • Бүгін, 08:30
Спорт • Бүгін, 08:29
Он үш жасар оғлан ересектер арасында ел чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Руханият • Бүгін, 08:23
Руханият • Бүгін, 08:21
Өнер • Бүгін, 08:18
Оқиға • Бүгін, 08:11
Руханият • Бүгін, 08:07
Цифрлы келешек және ұлттық құндылықтар
Технология • Бүгін, 08:06
Қоғам • Бүгін, 08:03
Жарна төлеу қалай жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 08:02
Қоғам • Бүгін, 08:01
Қоғам • Бүгін, 07:59
Қазақы атаулар жаңа жылда арта түседі
Руханият • Бүгін, 07:58
Ұлықтайтын адамдарды ұмытпайық
Руханият • Бүгін, 07:56
Білім • Бүгін, 07:53
Балабақшаға екі жастан барса...
Білім • Бүгін, 07:52
Саясат • Бүгін, 07:47
Табыс салығын есептеу мәнісін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 07:45
Қайта өңделген алюминийге мұқтаж
Экономика • Бүгін, 07:43
Ескі техникадан құтылудың жолы
Экономика • Бүгін, 07:42
Қаржы • Бүгін, 07:41
Шетелден жұқтырып келушілер де бар
Аймақтар • Бүгін, 07:38
Ұқсас жаңалықтар