Е.Сайыровтың айтуынша, мұнайлы өлкеге маңғыстаулықтардың шақыруымен келген олар кездесуде еліміздегі саяси модернизация үрдісі және алда болатын парламенттік сайлау туралы талқылады.
– Президент Қ.Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында еліміздің сайлауды ашық, әділ өткізуге ұмтылатындығын айтты, бұл қоғам үшін үлкен жетістік, – деді спикер.
Әрбір сайлаудың еліміздегі қоғамдық-саяси үрдістерге талдау жасауға, сондай-ақ ол азаматтардың саяси мәдениетін көтеруге мүмкіндік беретінін айтқан ол қазіргі таңда көпшіліктің сайлауды қалай, қайткенде әділ өткізуге болатындығы туралы сұрайтындығы туралы айтты.
– Әрбір адам өзінің дауыс беру құқығын жетік білсе сайлау әділ өтеді, оны әрбір адам қадағалай алады. Алдағы сайлау, біріншіден азаматтардың саяси мәдениетін көтеруге, екіншіден елімізде саяси үрдістердің толыққанды эволюциялық даму шарттарын құруға жол ашады деп санаймын, деді саясаттанушы.
Қазіргі таңда еліміз электоральный циклге енуде. Парламенттік сайлаудан соң өкілеттіліктері 2021 жылы аяқталатын ауыл, ауылдық округ және поселка әкімдерін сайлауға бастама береді. Мұндай сайлау Қазақстанда тұңғыш рет өткізілмек.
– Ұлттық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы жергілікті басқарудың жаңа Концепциясын жасақтау қажеттігін айтты. Бұл бізге барлық мәселелерді егжей-тегжейлі, аудандық деңгейден бастап қарау қажеттігін ұғындырады, – деді Е.Сайыров.
Е.Сайыровтың айтуынша, алдағы Парламент сайлауы, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері сайлауы елімізде оң қоғамдық-саяси үрдістерді құруға мүмкіндік береді.
– Егер өңірлерде қоғамдық-саяси үрдістер тиімді жүргізілетін болса, онда Қазақстанның саяси жүйесі тұрақты деуге болады. Тек өңірлердегі жағымды үрдістер ғана тұрақты саяси үрдістердің катализаторы болмақ. Сондықтан біз бүгін осы үрдіс туралы Маңғыстау белсенділерімен кездесіп отырмыз, – деді саясаттанушы.
Демократия мемлекеттіліктің негізгі аспектілерінің бірі, оны мемлекеттілікке қарсы қоюға болмайды деген Е.Сайыров азаматтық қоғамның елімізде жүргізіліп жатқан үрдістерге түсіністікпен атсалысуы қажеттігін айтып, демократиялық үрдістердің мықты әрі тәуелсіз Қазақстанның атрибуты екендігін жеткізді.
Кездесуде Маңғыстау облысының қоғам белсенділері А.Өрісбаев, М.Себасов сөз алып, өз ойларын ортаға салды.
Маңғыстау облысы