![Солтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 5 сүт фермасы іске қосылады](/media/2020/12/08/5fcf26bb08b9d301961472.jpg)
Әкім 8,6 млрд.теңгеге жаңғыртудың арқасында «Маслодел» ЖШС мен «сүт одағы» жылына 247 мың тонна өнім шығара алатынын атап өтті. Бұл кәсіпорындардың жүктемесін жаңа сүт фермалары қамтамасыз етеді. Жоба 7 өңірде жұмыс істеп жатыр.
«Биылғы жылдың өзінде біз тағы 11 ферманың құрылысын бастадық, оның бесеуі осы айда іске қосылады. Биыл еліміз бойынша жалпы 20-ға жуық ферма іске қосылатынын ескерсек, әрбір төртінші ферма Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі болады», - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Келесі жылы тағы 10 ферманың құрылысы басталады. Жалпы, 21 сүт-тауар фермасын іске қосу жыл сайын 51 мың тоннадан астам сүт өндіруге ғана емес, сонымен қатар 500 ауыл тұрғынын жыл бойы жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.