Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2020

Бас сәулетші Ботаникалық бақта ашылатын нысандар туралы айтты

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанның бас сәулетшісі Нұрлан Уранхаев ботаникалық бақтың тұжырымдамасы және бұрыннан саябақ аумағында ашылуы жоспарланған нысандар туралы айтты.

Бас сәулетші Ботаникалық бақта ашылатын нысандар туралы айтты

«Ботаникалық бақ парк аумағын қосқанда екі учаскеге бөлінген. Біріншісі - ерекше қорғалатын табиғи аумақ болса, екіншісі - саябақ аумағы. Бастапқыда бақты жобалау және оны тікелей жүзеге асыру кезінде нысандар ашуға арналған учаскелер анықталды. Бұл, мысалы, спорт орталығы, құрылыс кезінде нысанды қосу үшін инженерлік желілер қосылды. Спорт орталығының жобасы екі жыл бұрын, яғни 2018 жылы қалалық кеңесте мақұлданған, ол қаланың бас жоспарына сәйкес келеді. Спорт орталығы велосипед пен жүгіру жолдарының қолданыстағы желісімен бірге жұмыс істейтін болады. Орталық жалпы жұртшылыққа арналған әлеуметтік нысан.

Шет елдердегі Гайд-парк және Сан-Суси паркі сияқты ұқсас саябақтармен салыстырғанда қаншалықты дамып жатқанын қарастыратын болсақ, оларда саябақ тұжырымдамасы спорттық нысандар мен тамақтану пункттерімен бірге қарастырылған. Ботаникалық бақтың бір бөлігі саябақ аумағы болғандықтан, балалармен серуендеп жүрген адамдар үшін тамақтану пункттері де болуы керек. Бұл әлемдік тәжірибе», - деді Нұр-Сұлтан қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысы Нұрлан Уранхаев.

Нұр-Сұлтанның бас сәулетшісі Нұрлан Уранхаев ботаникалық бақтың аумағында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу мәселесі талқыланбайтынын атап өтті. Өйткені бұл жер бақтың бөлігі және мемлекет мұқтажы үшін жер алуға жатады. Иесімен учаскені босату туралы келісім жасалды.