Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2020

Алтай Көлгінов оңалту орталықтарының желісін кеңейту туралы айтты

313 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл қала аудандарында 29 "үй жанындағы дәрігер"нысаны ашылды. Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтары желісі айтарлықтай кеңейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Алтай Көлгінов оңалту орталықтарының желісін кеңейту туралы айтты

"Елорданы "тұрғындарға қолайлы қала" тұжырымдамасы аясында дамытудамыз. Нұр-Сұлтанның барлық аудандары орталықтанған дамуға көшуде: үйге жақын жерде мектеп, балабақша, медициналық орталықтар, жұмыс, демалыс және спорт орындары бар. Бұл қағидалар "Нұр-Сұлтан-жайлы қала" бас жоспарында көрсетілген. Бұл қала аудандары арасындағы теңгерімсіздікті жоюға мүмкіндік береді.

Тұрғындарды қадамдық қолжетімділік аясында медициналық қызметтермен қамтуға ерекшк көңіл бөлдік. Биыл қала аудандарында 29 "үй жанындағы дәрігер"нысаны ашылды. Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтары желісін айтарлықтай кеңейттік. Тек осы жылы ғана 5 ірі оңалту орталығы ашылды.

Бірінші. Осы аптада Елбасының қатысуымен №1 қалалық балалар ауруханасы базасында Тұңғыш Президент Қоры мен "Самұрық-Қазына" қолдауымен "Қамқорлық"оңалту орталығы ашылды. Бұл ДЦП диагнозы бар 600-ге жуық баланы жыл сайын қосымша тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді. Орталықта балаларға тірек-қимыл аппаратын емдеу-қалпына келтіру терапиясын жүргізеді, зияткерлік дамумен айналысады; заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған интерактивті бөлмелер бар.

Екінші. Оң жағалауда орналасқан жаңа оңалту орталығы (Уәлиханов көшесі) аутизм диагнозы бар балалармен айналысады. Бұл жоба Болат Өтемұратов қорымен бірлесіп жүзеге асырылды. Орталық аутистік спектрдің аурулары бар балаларды 50% - ға көбірек қамтуға мүмкіндік береді.

Сол үйде церебральды сал ауруы, аутизм және басқа да бірқатар аурулары бар балалармен айналысатын тағы бір оңалту орталығы ашылды. Орталықтың қуаттылығы күн сайын 200 пациентті қабылдауға мүмкіндік береді.

Есіл ауданында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығы ашылды. Мұнда мамандар есту, тірек-қимыл аппараты, көру, сөйлеу, қарым-қатынас және мінез-құлық бұзылыстары бар балаларға тексеру және көмек көрсетумен айналысады.

Сонымен қатар, бірқатар мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Осындай кабинеттері бар мектептер санын жоспарлы түрде ұлғайтамыз.

Үшінші. Жаңа үйлеріміздің бірінші қабаттарында бизнес нысандарын ашпаймыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік нысандарды ашамыз: медициналық орталықтар, полиция пункттері, оңалту орталықтары, балабақшалар және т. б.

Төртінші. Зағип балаларға арналған балабақшаның, тағы екі ірі оңалту орталығының, иппотерапия үшін ипподром базасында жабық манеждің құрылысын жүргізіп жатырмыз, инватакси санын екі еседен астам ұлғайттық. Бірақ бұл шаралар көмекті қажет ететін жандарды толық қамту үшін жеткіліксіз. Бұл бағытты әрі қарай да дамытатын боламыз.

Біз үшін ерекше балалардың ата-аналары олардың алғашқы қадамдарын көруі, алғашқы сөздерін естуі және емделуде оң динамиканы көруі өте маңызды!" - деп жазды Алтай Көлгінов.