Экономика • 20 Желтоқсан, 2020

Қаржылық сауаттылық жөніндегі әлеуметтік жоба 600 мыңға жуық қазақстандықты қамтиды

722 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Kazantsev Group кәсіпкерлерге көмек көрсету республикалық орталығы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бірқатар әлеуметтік жобаларды қолға алды, деп жазады Egemen.kz.

Қаржылық сауаттылық жөніндегі әлеуметтік жоба 600 мыңға жуық қазақстандықты қамтиды

Ұсынылған жобалардың ішінде  жуық арада іске қосылатыны - "Несиелерді  қалай тез төлеп тастауға болады?" жобасы, ол  2020 жылдың 16 желтоқсанында басталмақ.

Оқыту тегін, онлайн форматта, оқыту шеңберінде  600 мыңға жуық адамды қамту жоспарланып отыр. Жобаға 80 млн. теңге инвестиция құйылған. Курс бағдарламасы – несиелер қалай жұмыс істейді,  адамдардың өмірін қалай өзгертетіні, несие берген кезде банктердің сіздерге айтпай қалатын жәйттері туралы бірқатар мәселелерді қамтиды.

16 желтоқсанда  сағат 9:00-ден бастап  кез келген қазақстандық  азамат https://dohod.me сайтына тегін кіріп,  қаржылық сауаттылығын   арттыра алады.

"Бірінші кредиттік бюро" ЖШС деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстанда халықтың  экономикалық белсенді  бөлігі  9,23 млн адамды  құрайды, оның ішінде  қолданыстағы кредиті бар қарыз алушылар саны – 7,46 млн., кредит алмағаны – 1,77 млн адам  немесе экономикалық белсенді халықтың 19%.

Бұл статистикада адамдар ломбардтардың және бақылана алмайтын  басқа да қаржылық  құралдардың  қызметтерін пайдаланатыны ескерілмеген. Сондай-ақ, бұл деректер қазақстандықтардың  басым бөлігінің  тапқандарынан  гөрі көбірек ақша жұмсайтындығын көрсетеді.

Кредиттердің жарнамаланып, танымал болуы  көп адамның несиеге ұрынуына әкеп соқты,  қоғамда қарыз проблемасы жалпықазақстандық мәселеге айналды. Соның салдарынан біздің еліміздің азаматтарында күтпеген шығындар мен форс-мажорға деп арнап "қиын жағдай үшін жиған ақшасы" жоқ,  ал статистикаға келер болсақ, әр адам өмірінде  7-10 жыл ішінде бір рет сондай жағдайға тап болады екен.

"Ұлттық статистика бюросы" сайтының ақпаратына қарағанда, қараша айында орташа жалақы 211 000 теңгені құрады. Бұл орташа мән, өйткені халықтың басым  бөлігінің жалақысы  120 000 теңгеге дейінгі сома.

Басты проблема - қаржылық сауаттылық бойынша базалық білімнің болмауы. Біздің ата-анамызға да, бізге де ақшаны ұтымды жұмсауды, ақшаны үнемдеуді, ақшаны инвестициялауды үйреткен жоқ, сол себепті  біз де  балаларымызға бұл туралы үйретпейміз. Мұндай әрекетсіздіктің нәтижесі  белгілі – халықтың кем дегенде 80% несиеге тәуелді.

Kazantsev Group бас директоры Дмитрий Казанцев осы жиын барысында  ақша жинай  бастау үшін жоғары жалақы қажет деген түсініктің қалыптасып қалғанын,  іс жүзінде олай емес екенін айтып берді.

Тіпті жалақысы 80-100 мың теңге болса да, адам ақша жинап, жақсы сомаға қол жеткізе алады.

– Бірақ біздің міндетіміз ақша жинауды үйрету ғана емес, сонымен қатар оны  дұрыс инвестициялай алу,  ақша құр  "жастықтың астында" жатпауға тиіс немесе соңғы уақытта өз жұмысын жандандыра түскен  алаяқтардың немесе пирамидалардың қолына түспеуі керек. Қазақстандық азаматтар  жыл сайын әйтеуір бір пайда болған  пирамидаларға миллиардтаған теңге жұмсайды, өйткені олар дұрыс инвестициялауды білмейді. Адамдар қолында жиған  ақшасының  жоқ екенін түсінеді де, жағдайды барынша тездетіп түзетуге тырысады,  ақырында қолындағы барынан айырылады. Біздің команда  алдына бір жыл ішінде елдегі осы жағдайды өзгерту міндетін қойып отыр. Біз халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бірқатар әлеуметтік жобаларды іске қосамыз".

Бір ай бұрын Kazantsev Group жасөспірімдерді қаржылық сауаттылыққа тегін үйрете бастады. Пилоттық жобаға 14-19 жас аралығындағы 1500 жасөспірім қатысуда. Олар қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алуда, дейді ол.

Ата-аналардың пікірінше, бұл жоба жақсы нәтиже беріп отыр. Ақпан айының басында 10 мыңға жуық жасөспірімді оқуға топтастырып жинау жоспарлануда.