Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020

Алматыда карантин тәртібін бұзғандарға 74,7 млн теңге айыппұл салынды

117 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Біз бұған дейін де Алматыда санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылайтын 32 мониторингтік топтың күйшейтілген режімде жұмысын жалғастырып отырғанын хабарлаған едік.

Алматыда карантин тәртібін бұзғандарға 74,7 млн теңге айыппұл салынды

Биылғы 8 қазан мен 19 желтоқсан аралығындағы терсеріс барысында 4947 нысан қамтылды, 1065 (21,5%) нысанда карантиндік шаралардың бұзылғаны анықталды. Материалдар жұмыс алгоритміне сәйкес берілді. Сот карантиндік шараларды бұзғаны үшін бірқатар кәсіпкерлік нысандарының қызметін тоқтатты.

Заңды және жеке тұлғаларды тексеру нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 74,7 млн теңгеге 890 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Қазіргі уақытта ойын-сауық нысандары арасында карантин шараларын бұзушылардың анықталуына байланысты жеке тұлғалар қатысты қабылданған шаралар артуда. Мысалы, Алмалы ауданының «Cyber ZONE» компьютерлік клубында бетперде режимін бұзған 20 жеке тұлға анықталды.

Жұмыс нәтижелері бойынша әкімшілік сотқа 462-бабының 1-бөлігі «тексеру жүргізуге кедергі келтіру бойынша» және 462-бабының 3-бөлігі орын алған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындамау бойынша 15 заңды тұлғаға қатысты істер берілді:

  • Медеу ауданы бойынша - 6 («Манана»-2 мейрамханасы, «Отрар бар» ЖШС (Танцы) -4, «Централ» дәмханасы - 1, «Hookah Dreems» лаундж бары - 1, «Глобал Фуд Энд» ЖШС Небо бары - 1), «Оранжери Group» ЖШС рестобар -1);
  • Түрксіб ауданы бойынша - 3 («Раяна» мейрамханасы Илахунов ЖК, «Атлантис» бильярд клубы Бижанов Р.М. ЖК,  «Прованс» дәмханасы);
  • Алмалы ауданы бойынша - 3 ( «Арагоста», «Дегирмен» дәмханалары, «Дореми» караокесі);
  • Әуезов ауданы бойынша - 3 («Мята» лаундж бары, «Алмалы» караоке-бары, «Playstation Go» ойын клубы).

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігінің бұрын жіберілген жүйелі түрде орын алған бұзушылықтары бойынша сот шешімдері бар:

Жеке кәсіпкер Ренат Бижановқа 277 800 теңге көлемінде айыппұл салынып, Түрксіб ауданы, Наманганская көшесі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан «Atlantis» бильярд клубының қызметі 1 ай мерзімге тоқтатылды.

Және «Suddenly» ЖШС-не («Hookan Dreems»  кафе бары) 277 800 теңге көлемінде айыппұл салынды, Медеу ауданы, Қайырбеков көшесі, 35а мекен-жайы бойынша орналасқан «Hookan Dreems» бар кафесінің қоғамдық тамақтану қызметтерін ұсыну бойынша қызметі 1 айға тоқтатылды.

Бұл фактілер мониторингтік топтардың қоғамдық тамақтану орындары мен қоғамдық көліктерде карантиндік режімнің жиі бұзылуын (қашықтықты сақтау және маскаларды пайдалану) айғақтайды.

Алматы әкімдігі жұқтыру қаупін азайту мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарын адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырады. COVID-19 алдын-алу шараларын күшейтіп, өзіңізге және басқаларға қауіп төндірмеуді ескертеді.

 

 

АЛМАТЫ