«Өткен оқу жылында Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам маман әзірленді. Бұдан өзге, 200-ден астам оқу-жаттығу, әскери көлік пен автокөлік техникаларын жүргізу жөнінде 16 мың сабақ өткізілді, 20 мың жауынгерлік атыс өтті. Сабақтар күндізгі және түнгі мезгілде өткізілді. Жауынгерлік даярлыққа ең қажетті компоненттер, атап айтқанда, озық технологиялар мен құралдар енгізіледі. Әскерлер заманауи қару-жарақпен жарақтануда», деді Н. Ермекбаев.
Оның айтуынша, әскери оқу орындары робот техникасы мен радиоэлектрондық күреске басымдық бере отырып, ғылыми зерттеулер жүргізуде.
«Әскери мамандар дрондарға қарсы қаруды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірледі. Ғылыми взводтар құжаттарды берудің автоматтандырылған жүйесін әзірледі. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократиялық рәсімдерді қысқартады», деді ол.
Сондай-ақ ол әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы аясында әскери қызметшілердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстар жалғасын тауып жатқанын айтты.
«2018 жылдан бастап жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы 4 мыңнан астам әскери қызметші тұрғын үй бағдарламалары бойынша («7-20-25», «Баспана Хит», «Әскери Баспана» және басқалары) тұрғын үй сатып алды. 2020 жылы 600-ден астам нысанға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен бір жарым есе көп. 30 ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Казармалық-тұрғын үй қорының жаңа объектілері, оның ішінде жеңіл модульдік құрылыстар, казармалар, асханалар, қоймалар, оқу және спорт кешендері салынуда. Биыл осындай 56 ғимарат салынды», деді министр.
Бұдан бөлек 2020 жылы үйсіз жұмыстан шыққан әскери зейнеткерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданған. 20 жылдан астам еңбек өтілі бар 87 әскери зейнеткер тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған. Жабық қалашықтарда тұратын 20 жылдан кем еңбек сіңірген 262 бұрынғы әскери қызметші тұрғын үйді айырбастау құқығын пайдаланды.
Биыл әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз етуге Қорғаныс министрлігінің жылдық бюджетінен 67 пайыз қаражат жұмсалды. Қорғаныс ведомствосының барлық қызметі бюджет тәртібін мүлтіксіз сақтаумен іске асырылады.
Қаражатты тиімді жұмсау аясында көрсеткіштерді талдауға, проблемалар мен толық емес есептер көрсетілген талдау жүргізу арқылы бюджеттік бағдарламаға ай сайын мониторинг жүргізеді. Министрлік қаржыландырудың балама көздерін іздейді, Қарулы Күштердің құрылымын оңтайландыру арқылы үнемдеуге қол жеткізеді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі пысықталуда. Биыл 9,3 миллиард теңге үнемделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе жоғары (2019 жылы 3,1 млрд. теңге).
Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Президент цифрландыруды барлық реформалардың базалық элементі деп атады
Қорғаныс министрлігінде «Сандық армия» бағдарламасы аясында халыққа қызмет көрсететін 13 мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауыстырылды. Енді түрі анықтамалар, тіркеу куәліктері мен әскери билеттер, әскери есепке қою мен шығару, әскери-техникалық мектептерге түсу электрондық үкімет порталы арқылы ресімдеуге және алуға болады.
Автоматтандырылған басқару жүйесінің қолдану аясы кеңейтілді. Ол электронды жұмыс процесін, әскерлердің қызметіне қажетті ақпаратты сандық есепке алуды қамтиды. Сонымен қатар, әуе кеңістігін бақылау автоматтандырылған режимге ауыстырылды.
Жалпы алғанда Қарулы Күштерде әртүрлі мақсаттағы 16 ақпараттық жүйе енгізілді. Олардың 11-і өнеркәсіптік пайдалануға қабылданды. Ақпараттық жүйелер әртүрлі ресурстарды есепке алуды жеңілдетеді.
Цифрландыру жауынгерлік міндетті алудан бастап, оның орындалуын талдауға дейінгі басқарушылық қызмет айналымын қысқартуға мүмкіндік береді.