Кәсіпқой бокс • 23 Желтоқсан, 2020

Қай жекпе-жектерге қызығушылық ерекше?

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстан 2021 жылы өтеді деп жоспарланған қай бәсекелер жанкүйерлер тарапынан ерекше қызығушылық ие? Осы сауалға байланысты Badlefthook.com порталы сараптама жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қай жекпе-жектерге қызығушылық ерекше?

Көпшілік тағатсыздана күтіп отырған жекпе-жектер арасында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің трилогиясы бар. Бұған дейін олар екі мәрте күш сынасып, алғашқы кездесу тең аяқталса, екіншісінде «Канело» ұпай санымен басым түсті. Бірден айта кетейік, орта салмақта қарсылас шақ келтірмей жүрген қос саңлақтың айқасы әлемнің әр қиырындағы миллиондаған жанкүйердің айрықшы қызығушылығын тудырды.

Жарнамалар мен түрлі арналардағы трансляциялардан түскен табыс мол болды. Соның арқасында жарысты ұйымдастырушылар, боксшылар және де осы шараға қатысы бар адамдардың барлығы да байлыққа белшесінен батты. Міне, енді олар GGG мен «Канелоның» қайта жұдырықтасқанын қалайды.

Сонымен қатар. көрермендер ерекше қызғушылық танытып отырғандар қатарында мына жекпе-жектер бар: Тайсон Фьюри – Энтони Джошуа, Эррол Спенс – Теренс Кроуфорд, Теофимо Лопес – Дэвин Хэйни, Джош Тейлор – Хосе Карлос Рамирес, Хуангон Франциско Эстрада – Роман Гонсалес, Наоя Иноуэ – Муроджон Ахмадалиев, Артур Бетербиев – Дмитрий Бивол, Кенширо Терайи – Хирото Киогучи және Майрис Бриедис – Илунга Макабу.