Спорт • 23 Желтоқсан, 2020

Месси Пеледен озды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Испания Ла Лигасының 15 турында «Барселона» сырт алаңда «Вальядолидты» 3:0 есебімен ойсырата ұтып, қажетті үш ұпайды өз қоржынына салды, деп хабарлайды Egemen.kz

Месси Пеледен озды

Осы матчтың 65-минутында мергендік танытқан Лионель Месси тағы бір рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Оның есімі бір ғана команда сапында ең көп гол соққан ойыншы ретінде тарихта қалды. Нақтылап айтсақ, 2003 жылдан бері «Барселонаның» намысын қорғап жүрген 33 жастағы аргентиналық шабуылшы сол уақыт аралығында қарсыластар қақпасын 644 рет дәл көздеген екен.

Ал бұған дейінгі рекорд даңқты Пелеге тиесілі еді. 1956-1974 жылдар аралығында Бразилияның А сериясында «Сантостың» сапында ойнаған футбол королі 643 голдың авторы атанды.