Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Бекарыстан би ауылында облыстық жыршы-термешілер фестивалі өтті

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазалы ауданындағы Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінде «Азаттықты аңсаған арыстарым» атты жыршы-термешілер фестивалі өтті. Облыстық деңгейде өткен шара осы өңірде өткен Асандар көтерілісінің 90 жылдығына арналды.

Бекарыстан би ауылында облыстық жыршы-термешілер фестивалі өтті

Ауылдағы айтулы шараны құттықтау сөз сөйлеп ашқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев өзіндік мақамы бар жыршы-термешілерге алғыс айтып, өнер сайысында сәттілік тіледі.

Облыстық жыршы-термешілер фестивалін есімі елімізге белгілі жыршы Марат Сүгірбай жүргізіп отырды. Жыр мерекесінде жыраулық өнердің жампозына айналып үлгерген – Марат Сүгірбай, Өмірзақ Жанболат, Серік Жақсығұлов, Әділхан Қуаңбаев, Шолпан Бимбетова, Майра Сәрсенбаевалар өте жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Фестивальде өнер көрсеткендердің барлығына да диплом мен арнайы қаржылай сыйлықтар табысталды.