Жаңа орталықтың жұмысымен таныстырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысындағы филиалының директоры Айдын Қайруллаев орталықтың халыққа қызмет көрсетудегі тиімділігі мен артықшылықтарын жеткізді.
Шаһар басшысы мемлекеттік қызметті электронды түрде алудың пайыздық үлесін арттыру бұл мемлекеттік қызмет көрсетуді халыққа қолжетімді етуге берілген басымдық екенін атап өтіп, халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатындығын айтты. Орталық электрондық қызмет алуға жүгінген азаматтарға тегін қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетуге қажетті техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
Айта кетейік, жаңа орталық Қызылорда қаласының әкімдігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және бірлескен жобасы аясында ашылған.
Бұған дейін қала әкімдігіне қарасты қызмет көрсетуге жауапты мекемелерде электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 15 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» іске қосылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес бүгінгі күнге қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер жалпы 80 қызмет түрін көрсетсе, оның ішінде 59 қызмет түрі электрондық форматта жүзеге асырылады.
Биыл қаңтар – қараша айлары аралығында осы қызмет түрлері бойынша электрондық нысанда 46 мың 184 өтініш қабылданған.