Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Бір тәулікте 8 қылмыстың беті ашылды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол апаттылығын болдырмау мақсатында 22-24 желтоқсан күндері республика көлемінде «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Бір тәулікте 8 қылмыстың беті ашылды

Осыған орай, Қызылорда облысында бір тәулікте полиция қызметкерлері 8 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ОПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев мәлімдеді.

Жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ішкі істер органдарында есепте тұрғандардың 241-і тексерілді. Бұрын жасалған 2 ұрлық ашылды. Облыс бойынша барлығы 273 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде, қоғамдық орындарда масаң күйде болған 26 адамға, түнгі тыныштықты бұзған 11 тұрғынға, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзған 3 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды.