Абай • 24 Желтоқсан, 2020

Абайға ескерткіш қойылды

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында халқымыздың біртуар ұлы, дана Абайға ескерткіш қойылған қуанышты күн болды. Облыс әкімдігінің алдынан орын алған ескерткішті ашу рәсіміне облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, абайтанушы, академик, философ Ғарифолла Есім, опера әншісі Шахимардан Әбілев және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеев қатысты.

Абайға ескерткіш қойылды

– Бұл – көп ескерткіштің бірі емес. Ұлттық құнды­лық­тарымыз бен бай рухани мұрамызды еске салып тұратын қасиетті мүсін. Жанның азығын іздеп, адам болмысын түсінуге тырысқан хакім Абайдың туындылары өз маңызын жоғалтпақ емес. Оның әр сөзі әлі күнге дейін рухымызға қуат, санамызға ақыл болып құйылуда, – деді облыс әкімі Ә.Сқақов.

Абай ескерткішінің авторы – Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Асқар Нартов. Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыр тасы граниттен жасалған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 10 метр. Оның ішінде Абай мүсінінің биіктігі – 5,25 метр. Тұғырының биіктігі – 5 метр. Тұғырында «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» деген жазба бар.

Сондай-ақ облыс орталығындағы көшелердің біріне Абай есімі берілген.

 

Соңғы жаңалықтар