Елорда • 28 Желтоқсан, 2020

Елордада қисық балкондары бар апатты тұрғын үй кешені жөнделді

308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда қисық балкондары бар апатты жағдайдағы «Орбита» тұрғын үй кешені жөнделді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша 2020 жылы жаңартылған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жалпы саны 50-ден асады. Сонымен қатар 100-ге жуық лифт жөнделіп ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада қисық балкондары бар апатты тұрғын үй кешені жөнделді

«Тағы бір қауіпті көппәтерлі тұрғын үй кешені – «Орбитаны» жөндеуден өткіздік! Бұл ТК халық арасында қисық балкондары бар үй ретінде белгілі. Тұрғындар балкондар қатты жел кезінде қабырғалардан алшақтап, сыртқы плиталардың ұшатынын айтқан. Аталған ТК 10 жыл бұрын проблемалық үй болып танылды. Ол екі мұнарадан тұрады. Нысан сол кезден бері пайдалануға берілмеген. 340 отбасының проблемасын шешу үшін жөндеу жүргіздік. Қауіпті қасбетті толық алмастырдық, ТК-ның негізгі құрылыстарын күшейттік, балкондар витраждарын ауыстырдық және т.б. Көппәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Пәтерлер аумағын өлшеу мен тұрғындарға техникалық паспорт беру жұмыстары жүріп жатыр», деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Аталған тұрғын үй кешенінің тұрғыны Ләззат Хасанова қатты желмен балкондар қабырғадан алшақтап кеткенін атап өтті.

«Қатты жел кезінде біздің балкондар қабырғадан алшақтап кетті. Пәтерімде балкон мен қабырға арасы ашылып, саңылау ұлғайды. Жел тоқтаған кезде балкондар орнына қайта түсті. Біз осындай қорқынышты жағдайда өмір сүрдік. Үкімет бізге назар аударып, бүлінген қасбетті толығымен ауыстыруға көмектесті. Апаттық балкондар толығымен ауыстырылды. Балкондар қорқынышты жағдайда болды және адам өміріне қауіп төндірді», деді Ләззат Хасанова.

Бұған дейін осыған ұқсас мәселелер проблемалық «Территория комфорта – 2» үйінде болған. Онда да ауқымды жөндеу жұмысы жүргізіліп, кешен пайдалануға берілді.