17 Сәуір, 2010

ЕЛБАСЫНЫҢ АҚШ-ҚА САПАРЫ — ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА

552 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит күндерінде бірқатар беделді халықаралық сарапшылар мен саясатшылар қазақстандық журналистерге Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтондағы саммит жұмысына қатысуы туралы өз пікірлерін білдірді. Солардың бірқатарын газет бетінде жариялап отырмыз.

ҚАРУСЫЗДАНУҒА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛЕС

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН БАСШЫСЫНЫҢ ШЕШІМІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРУДЕ

Томас Грэнд, АҚШ-тың яд­ролық қаруларды таратпау жө­ніндегі комиссиясының мү­шесі: – Қазақстан ядролық қа­ру-жарақты таратпау үрдісінде өте маңызды рөлге ие. Ме­нің­ше, сіздердің Президентте­рі­ңіз­дің жаһандық саммитте сөй­леген сөзі осынау түйткілді шешуге тың серпін береді. Марк Перрен де Бришамбо, ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы: – Қазақстан Президенті Орталық Азияда тұрақтылық орнатуда аса маңызды рөлге ие және жаһандық қауіпсіз­дік­ті нығайту ісіне айрықша үлес қосты. Оның салиқалы сая­са­тының нәтижесінде Қазақстан әлем қауымдастығының құр­мет­ті мүшесі атанды. Бүгінде Қазақстан өзгелерге үлгі. Леонард Чпектор, ядролық қа­руларды таратпау проблема­ла­рын зерттеу жөніндегі ор­та­лық директорының орынбасары: – Біз Қазақстанды барша үшін үлгі ретінде мысалға алып сөйлейміз. Сіздердің Пре­зиденттеріңіз – ядро­лық қару-жарақсыз әлем құру үшін қызмет етіп жүрген адам. Ол қуатты ядролық әлеуеттен бас тартып және байытылған уранды ел ішінен әкетуге рұқ­сат беріп қана қоймай, соны­мен бірге әлемнің басқа көш­бас­шыларын ядролық қару­лар­ды қысқартуға шақыруда. Ричард Вэйтц, Әскери-саяси талдаулар орталығының директоры, Хадсон институ­тының ғылыми қызметкері: – Қазақстан бүгінгі күні әлемдік аренада өзін күшті ой­ыншы ретінде көрсетіп отыр. Барак Обаманың Сіздердің Президенттеріңізді ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысуға ең алдыңғылардың бірі ретінде шақыруы осыны дәлелдеді. Сіздердің Мемлекет басшыларыңыздың қазіргі күні Қазақстанда болып жат­қан үдерістер мен әрекеттердің қозғаушы күші болып табы­ла­тындығы сезіледі. Бұл, әсіресе, экономиканың дамуы мен ға­ламдық қауіпсіздік мәселе­сін­де анық көрініп отыр. Мен Қа­зақстан Президентін ұзақ мерзімді басымдықтардың стратегі деп есептеймін. Кен Лунго, “Жаһандық қауіпсіздік үшін әріптестік” ұйымының президенті: – Қазақстан – ядролық қару-жарақсыз ел. Менің ой­ым­ша, қазіргідей ядролық қауіп­сіздік мәселесіне мән бе­ріліп, жаһандық саммит ұйым­дастырылып жатқан тұста мұ­ның өзі өте маңызды фактор болып табылады. Таратпаудың жаһандық режіміне сіздің ел­дің қосқан үлесі Семей по­ли­гонын жауып, ядролық қару­дан бас тарту ісінен бастал­ған­дығы белгілі. Ал қазіргі күні осы үлестің деңгейі де, ма­ңы­зы да барған сайын артып отыр. Менің ойымша, бұл үрдіс Сіздердің Президентте­рі­ңіз­дің әлемдік үдерістердің аса маңызды бір түрінде көш­бас­шы болып отырғандығын және саяси кемелдігі мен кө­ре­гендігін дәлелдейді. Мұның өзі көпшілік үшін өте жақсы үлгі. Эдвард Чау, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының энергетика және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы: – Қазақстанға бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша үлкен үміт артылып отыр. Обама мен На­зар­баев таратпау сала­сында бір көз­қарасты білдіруде және олар бейбіт атомның дамуы үшін, со­нымен қатар Ор­талық Азияның тұрақтылы­ғын қамтамасыз етуде сөздің кең мағынасында алғанда үлкен істер тындыра алады. Дипти Чоуби, Ядролық қаруларды таратпау мәселелері жөніндегі  Карнеги қорының сарапшысы: – Тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның өзі Президент На­зарбаевтың таратпау саласын­да­ғы жеке үлесін жоғары атап көрсетті. Қазақстанның бұл үл­гісі бәріміз үшін де маңыз­ды. Сіздердің басшылары­ңыз­дың саясаты біздің бәрімізді жі­герлендіріп отыр. Қазақ­стан­ды АҚШ-тың таратпау са­ла­сындағы сенімді әріптесі деп есептеймін. Дэрил Кимболл, Қару-жа­раққа бақылау жөніндегі ассо­циация директоры: – Қазақстан Президенті­нің Семей полигонын жабу жө­ніндегі шешімі осы үде­ріс­тің шарықтау шегі болды. Бү­гін біздің бәріміз Назарбаев­тың осы қадамы Америка се­на­тының Невада штатындағы ядролық полигонды уақытша жабу жөніндегі шешім қабыл­дауына негізгі әсер еткен фак­тор екендігін түсініп отырмыз. Мұнан кейін Билл Клинтон 1993 жылы ядролық сынақ­тар­ға мораторий жариялады. Мұ­ның өзі ақыр аяғында ядролық қару-жараққа жалпы ортақ тыйым салу туралы келісім-шарттың пайда болуына алып келді. Осының өзінен мынан­дай қорытынды шығаруға болады: Назарбаевтың ядро­лық полигонды жабуы – бұл өте маңызды және тарихи оқиға болды деп айта аламыз. Энрю Бейкер, раввин, ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төраға­сы­ның антисемитизммен күрес жөніндегі өкілі: – Сіздердің Президент­те­ріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қару-жарақсыз әлем туралы өз көзқарасын қамта­ма­сыз етіп, өзінің батыл ше­ші­мі мен қауіпсіздік пен тұ­рақтылықты нығайту жолын  салғандығына өзіндік үлкен құрметімізді білдіреміз. Қазақ­стан әртүрлі ұлттар мен діни конфессиялар өкілдерінің бір аспанның астында бейбітшілік пен өзара келісім негізінде өмір сүріп жатқандығын атап өту де парыз. Қазақстанның бұл моделі бүкіл әлем бойын­ша қолдануға әбден жарайды деп есептеймін. Хоми Ганди, АҚШ пен БҰҰ-дағы зороастриялық ас­социациялар федерациясының бас өкілі: –  Қазақстанда тек әлем­де­гі төртінші әлеуетке ие ядро­лық оқтұмсықтардың ғана емес, сонымен қатар, уранның өте бай қорының болғандығын еске алатын болсақ, осылар­дың барлығынан бас тарту Қазақстан басшылығының өте шешімді де батыл қадамы екен­дігіне көз жеткіземіз. Мұ­ның өзі осы елге және оның басшысына халықаралық қауым­дастық тарапынан өте бір сыйластық сезімін тудыра­ды. Менің ойымша, Қазақстан өте дұрыс жолмен – ядролық қарусыздану жолымен келеді. Пол Уолкер, Халықаралық жасыл крестің америкалық өкілдігінің директоры: – Қазақстанның үлгісін ерекше, ал Сіздердің Прези­дент­­теріңіздің бастамашылды­ғы мен белсенділігін әлемдік қауымдастық тарапынан өте күшті ықылас тудырды деп ай­ту­ға болады. Мәселен, мен жуықта Ресей газеттерінің бірінен Назарбаевтың “Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік” деген мақаласын оқыдым. Онда Президент “Егер барлық елдер осы проб­ле­маны шешу үшін күш бірік­тір­ген жағдайда ғана ядросыз әлемнің нақты шындыққа ай­налатындығын” айтады. Қа­зақ­стан Президентінің басқа елдердің көшбасшыларын осы ядролық қарусыз ынтымақ­тастыққа шақыруы олардың көкейінен шығып, жүзеге асады деген үміттемін. Януш Бугайский, Амери­ка­ның стратегиялық және ха­лық­аралық зерттеулер орталығы­ның директоры: – Қазақстан бүгін бәрінің ықыласы мен қызығушылы­ғын оятып отыр. Қазақстан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы Еу­ропа үшін және осы Ұйымның өзі үшін де өте маңызды деп есептеймін. Қазақстан Орта­лық Азияның барлық елдерін топтастыруға қабілетті. АҚШ мұны жақсы түсініп отыр және Қазақстанға оның бар­лық көзқарастары бойынша қолдау білдіруде. Роберт Блейк, АҚШ Мем­ле­кеттік хатшысының көмек­шісі: – Біз Қазақстанның же­тіс­тіктерін қолдаймыз. Биылғы жылы сіздердің республика­лары­ңыз ЕҚЫҰ-ға жетекшілік етуде. Және осы Ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының сам­митін шақыру туралы ұсы­нысты дер кезінде жасап отыр. Сіздерге жаңа да қуатты эко­но­мика орнатудың сәті түсті. Сіздер әлемнің барлық жетек­ші елдерімен әріптестік қаты­нас құра алдыңыздар. Мұның өзі мемлекетті тиімді басқару­дың өте жақсы нәтижелері болып табылады. Әзірлеген  Сұңғат ӘЛІПБАЙ.