Қор басшысының айтуынша, пандемиямен және мұнай бағасының құлдырауымен байланысты қос соққы салдарынан ел экономикасы айтарлықтай теріс салдарға ұшырады. Дегенмен, А.Есімовтың айтуынша, Қор осы жағдайда компаниялардың қаржылық тұрақтылығын нығайту жөніндегі іс-шараларды табысты жүзеге асырды. Оның айтуынша, дағдарысқа қарсы тұруға және теріс әсерді азайтуға, ең алдымен, 2018 жылдан бастап жүзеге асырылған шаралар көмектесті.
Атап айтқанда, Қор сыртқы қарыздың 8 млрд долларын өтеген, соның есебінен 1 трлн теңгеге бағамдық тәуекел жойылған. Валютаға жыл сайынғы қажеттілік 269 млрд теңгеге төмендеді. Бұл резервтер пандемияның бірінші толқынының соққысына төтеп беріп, Қор тобының кәсіпорындарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Бұл ретте квазимемлекеттік сектор субъектілерінің таза табысының 95%-ға дейіні «Самұрық-Қазына» үлесіне тиесілі.
Осы жылдың наурыз-сәуір айларында шығындарды тағы 429 млрд-қа оңтайландыру бойынша жұмыстардың екінші кезеңі іске асырылды және цифрлық трансформация бағдарламасын және жұмыста IT технологияларды пайдалану белсенді іске асырыла бастады.
А. Есімовтың айтуынша, бұл іс-шаралар топқа дағдарыс кезеңінде белгілі бір қауіпсіздік қорын құруға, өндірісті тоқтатуға, өндірістік персоналды қысқартуға жол бермеуге және жалақы төлемдерін сақтауға мүмкіндік берді. Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» еліміздің ең ірі жұмыс берушілерінің бірі болып табылады – шамамен 300 мың қызметкер.
Ахметжан Есімов сондай - ақ 2021 жылдың басты екпінін-қорды 2024 жылға қарай инвестициялық холдинг етіп қайта құруды атап өтті. Оның айтуынша, инвестхолдинг рөліне көшу жолында Қор алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр.
Мысалы, ағымдағы жылы «Самұрық-Қазына» қызметі SWFI ең инновациялық қорлардың Топ-10 қалыптастыруы кезінде ескерілді, БҰҰ есебіне сәйкес «Самұрық-Қазына» әлемнің озық қорларының топ — 20 құрамына кірді. Ағымдағы жылдың қараша айында Қор егеменді әл-ауқат қорларының ашықтық рейтингінде барынша мүмкін болатын 10 балл алды.
Қор басшысы инвестхолдинг форматына көшу инвестицияларды бөлудің ашықтығын арттыру және бизнес-процестерге жаңа тәсілдерді білдіреді деп атап өтті.
Сөз соңында А. Есімов жаңа жылдан бастап жаңа форматқа көшу жоспарын әзірлеуге кірісуді тапсырды.