Опера өнерінің хас шебері, профессор, ұстаз, халықаралық деңгейдегі коуч Анатолий Гусев Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» операсының премьерасы қарсаңында «Астана Опера» солистеріне кәсіби шеберлікті шыңдау мүмкіндіктері туралы дайындық сабағын өткізген болатын. Премьера қарсаңында аталған өнер өкілімен әңгімелескен едік.

– Анатолий Алексеевич, Миландағы опера өнері мектебі сіздің есіміңізбен тікелей байланысты. Академиялық вокалдан өзіңізден тәлім алған қаншама шәкірттеріңіз Еуропаның ең танымал театрларында өнер көрсетіп жүр. Халықаралық деңгейдегі тәлімгер ұстаз ретінде «Астана Опера» әртістерінің орындаушылық шеберлігіне қандай баға берген болар едіңіз?
– «Астана Опера» әртістерінің маған табиғи таза дауыстары ұнайды. Өмірлік тәжірибеме сүйеніп түйген пайымым: Қазақстанда жанды дауыста ән салатын саңлақтар өте көп. Және ең бастысы олар итальян, француз, жалпы қандай тілдегі болсын шығармаларды керемет орындайды. «Махаббат сусыны» түпнұсқа үлгісінде орындалатындықтан, осы жағына айрықша көңіл бөлінді.
Ал жалпы қазақ ұлттық опера өнері саңлақтары туралы айтатын болсақ, бұрынғылардан КСРО Халық әртістері Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев сынды атақты әртістердің есімі құрметпен аталады. Мен олардың табиғи таза үндеріне қайран қаламын. Мұндай сирек құбылыстарды тудырған ұлттық опера өнерінің сахнасы өзіндік мектебі қалыптасқан орта деп ойлаймын. Сол себепті «Астана Опера» театры труппасымен жұмыс істеуге қуана келістім.
– Премьера туралы айтып берсеңіз.
– Гаэтано Доницеттидің «Махаббат сусыны» – 1832 жылы венециялық карнавалға арнап жазылған екі бөлімді опера-буффа, композитор оны екі аптада жазып бітірген. Әрине, бұл ғаламат туынды үшін тым қысқа мерзім екені түсінікті, алайда соған қарамастан, бүгінде әлемдік деңгейдегі бүкіл танымал сахналар классикалық шығарманы опера өнерінің ең биік шыңына балайды. Тенорға арналған әлемге әйгілі «Una furtiva lagrima» ариясымен жаныңызды жадыратып, көңіл күйіңізді ғажап әсерге бөлейді. Солистердің екі құрамымен жұмыс жүргіздім, олардың қатарында жеңіл лирикалық тенор Жан Тапин мен Мейір Байнеш бар, сонымен қатар Салтанат Ахметова, Айзада Қапонова, Альфия Каримовамен жұмыс істедім. Осы ретте бірінші құрамда орындаушы, тамаша баритон, әр дыбысқа айрықша ұқыптылықпен мән беретін әдемі де жұмсақ дауыс иесі Талғат Мұсабаевтың есімін айрықша атап өткім келеді. Сонымен бірге жас та болса өте ізденімпаз Ержан Саиповпен жұмыс істеу арқылы да көп нәрсеге қаныққандай болдым. Евгений Чайников ескі шарапты махаббат сусыны ретінде сатқан алаяқ Дулькамараның партиясын әзірледі. Сондай-ақ тартымды да көркем мінезді Шыңғыс Расылханның ешкімге ұқсай бермейтін бөлек даусы қатты ұнады. Солистер өз рөлдерін түгелдей меңгерген деуге толық негіз бар.
– Жалпы опера әншілеріне қандай талап қойылады?
– Опера өнері ұдайы тер төгуді, тынымсыз ізденісті талап етеді. Сондықтан олар көп уақытын оқып-үйренуге жұмсайды. Осы талап ешқашан өзгерген емес.
– Әртістің бойындағы қандай қасиетті айрықша бөле-жарып айтар едіңіз?
– Бұл бір ауыз сөздің ауқымына сыймайтын үлкен әңгіме ғой. Дегенмен де ойымды қысқаша тұжырымдап жеткізуге тырысып көрейін. Ең алдымен, әрине, өнер иесі үшін дауыс, үн тазалығы, диапазон кеңдігі үлкен рөл атқарады. Екіншіден, оқып-үйрену үшін адамға асқан шыдамдылық керек, үшіншіден, тілге, оның ішінде ағылшын тілінен гөрі нақты роман тобындағы итальян, француз, латын тілдеріне ерекше бейімділік қасиеті болғаны абзал. Содан кейін сахнада ойнау қабілетіне айрықша мән беріледі, яғни сахнадан қорықпауға тиіссің.
– Ал өнер жолына жаңадан түскен жастарға қандай кеңес бересіз, опера өнерінің шынайы тұлғасына айналуы үшін олар не істеуі керек?
– Тағы да қайталап айтамын – оқу, оқу және оқу. Сосын ежелден қалыптасқан қағидадан бас тартуға болмайды. Ендеше, көп тіл үйренуден жалықпау керек, жақсы ұстазға тап болу – жарты жетістік деген сөз тағы бар. Опера өнерінің негізі музыкадан құралатындықтан, онымен де қатар жұмыс істеуге тура келеді. Музыканы тыңдап қою жеткіліксіз, оны жан-тәніңмен сүйе білуге тиіссің.
– Опералық сюжеттерді заманауи үлгіге түсіріп, басқа нұсқада ұсыну идеясына қалай қарайсыз?
– Ондайға мүлде қарсымын. Себебі италиялық немесе француз операсын қоятын адам партитураның әр жерінде «есік оң жақта» немесе «ағаш ортада», «ғибадатхана сол жақта» екенін көрсететін композитордың ескертпелері болатынынан хабардар болуы тиіс. Мен сахнадағы әр заттың орналасқан орнын ауыстыруға болады деп есептеймін, ал бірақ қандай жағдайда да классикалық өнерге классикалық көзқарас сақталып қала беруі керек деген ұстанымнан айнымаймын. Себебі классикалық өнер тұрғысынан алғанда, көрермен мұндайға әзір емес. Операға ләззат алуға келген адам кенет Джузеппе Вердидің «Риголетто» операсында герцог Мантуанский сарайының орнына бассейнді, ал барда жеңіл жүрісті әйелдердің отырғанын көретін болса, онда ол туынды бастапқы реңкінен тұтастай айырылып қалмай ма? Мен мұндайға үзілді-кесілді қарсымын. Опера – бұл элиталық өнер, сахнада бәрі әдемі, қисынды болуы қажет, егер бір нәрсе жаңғыртылып қайтадан жасалған болса, онда барлығы өз мәнін жояды. Өкініштісі, Еуропада мұндай жайт жиі орын алып жатады. Сондықтан заманауи режиссерлер мынаны есте сақтағаны абзал: онсыз да ғасырлар бойы жасай беретін жауһар туындыға қайта өң беріп, өзгертуге әуреленіп қажеті жоқ, одан да тікелей режиссурамен айналасу басты талапқа айналуға тиіс.
– Әуелі С.М.Киров атындағы жоғары әскери-теңіз училищесінде білім алған екенсіз. Теңізді опералық өнерге ауыстыруыңызға не себеп болды?
– Марқұм әкем Алексей Гусев Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, барлаушы болған. Майдандағы марапаттары әлі күнге сақтаулы. Мен де бастапқыда барлық жас жігіттер сияқты флотқа, кемеге, желкенді қайыққа, теңіз қарақшылары туралы қызықты әңгімелерге, қару-жараққа қатты қызықтым, сондықтан әскери-теңіз училищесіне бардым, бірақ бірте-бірте көңілім музыкаға ауа берді. Әкем үнемі рояльде ойнайтын, ал анам ғажап колоратуралық сопрано даусымен ән айтатын еді, сондықтан отбасымның музыкадан хабары болды, бірақ бұл іспен мен сияқты кәсіби тұрғыда айналысқан жоқ. Өнерге басы бүтін келуім кездейсоқтық емес, ата-анамнан дарыған болса керек.
Әңгімелескен
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Еgemen Qazaqstan»
Мемлекет басшысы Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 17:25
Ауғанстан азаматы Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған
Қоғам • Бүгін, 17:15
Депутаттар неге тәртіпке бағынбаған?
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жетпей тұр
Білім • Бүгін, 16:55
Алматы қаласының тұрғынынан 47 келіден астам гашиш тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қарай жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Украина азаматы ұшақта темекі шеккені үшін жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 16:41
«Барыс» - «Йокерит» ойыны тікелей эфирде көрсетіледі
Хоккей • Бүгін, 16:40
Қызылордадағы дария деңгейі тұрақты бақылауда
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Теңіз кенішінде 72 жұмысшы коронавирус жұқтырды
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Томас Мильц: Автокөлікті таңдау процесі электронды ортада жүзеге асырылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:32
Дмитрий Медведев Назарбаевты құттықтады
Елбасы • Бүгін, 16:30
Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Елбасы • Бүгін, 16:11
Қытайда коронавирустық инфекцияның тағы бір ошағы анықталды
Әлем • Бүгін, 16:10
Түркістан облысында қыз ұзату тойын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:04
Жазбаша келісім талап етеді: Коронавирусқа қарсы вакцинадан қауіп бар ма
Медицина • Бүгін, 16:01
Шығыс Қазақстанда оқушылар қалай оқып жатыр?
Білім • Бүгін, 15:57
Елімізде қандай пойыз билеттері қымбаттайды?
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Ақтөбеде жемқорлықпен күресушілер 2020 жылғы жұмыс қорытындысын жариялады
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Өскемендік полицейлер атқа мінген адамдарды не үшін қуды?
Видео • Бүгін, 15:50
Өскеменде шоқыну мейрамында 2 мыңнан астам адам суға шомылған
Оқиға • Бүгін, 15:50
Аида Балаева Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Руханият • Бүгін, 15:46
Қостанай облысында 23 тонна жанармай тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:41
Беларусь хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды
Спорт • Бүгін, 15:35
Киім өндірісінде импорттың үлесі артқан
Экономика • Бүгін, 15:29
Төлебиде жаңа спорт кешені бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Өткен тәулікте шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 15:26
Павлодарда ер адамды пойыз қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Қазақстанда 109,2 млн тонна көмір өндірілді
Экономика • Бүгін, 15:21
Атырауда 648 отбасы жаңа баспанаға көшеді
Аймақтар • Бүгін, 15:19
Қытайда балмұздақтан коронавирустың жаңа штаммы табылғаны рас па?
Әлем • Бүгін, 15:13
Қызылжарда қала іргесіндегі ауылдарды тонаған ұры ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Елорда рекордты көлемде триллионнан астам инвестиция тартты
Аймақтар • Бүгін, 15:03
Қостанай облысында 278 ауылшаруашылық техникасы утилизацияға қабылданады
Аймақтар • Бүгін, 15:00
Қырғызстан Pfizer вакцинасынан неге бас тартқаны белгілі болды
Әлем • Бүгін, 14:55
Өскеменде жоғалып кеткен жасөспірім табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Спутник-V вакцинасынан соң түрлі аурулар пайда болғаны рас па?
Коронавирус • Бүгін, 14:40
Сенат депутаттары радиациялық төтенше жағдайларды шешуге көмек көрсету мәселесін талқылады
Парламент • Бүгін, 14:34
Түркістан облысында 5 адам қар құрсауынан құтқарылған
Аймақтар • Бүгін, 14:30
Қостанай облысында алимент төлеуден қашқан 119 әкенің мүлкі тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:23
Сенаторлар Қазақстан мен Грузия арасындағы транзиттік жүк тасымалдау мәселесін зерделеді
Парламент • Бүгін, 14:13
Шоқыну мейрамында 1500-ден астам ақмолалық суға шомылды
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Петропавлда полицеймен төбелескен жігіттердің әрекеті видеоға түсіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:43
Нұр-Сұлтанда әйелін өлтірген ер адам өзіне қол жұмсады
Елорда • Бүгін, 13:30
Ұшуға қорыққан ер адам Чикаго әуежайында 3 ай өмір сүрген
Әлем • Бүгін, 13:20
Биыл Қазақстандағы 793 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелері салынады
Қазақстан • Бүгін, 13:20
Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
Қазақстан • Бүгін, 13:10
Оқу орталығына ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:57
Пандемия еліміздің туризм саласына тың серпін берді
Туризм • Бүгін, 12:56
Қазақстан ЮНЕСКО саясатын әзірлеуге қатысады
Парламент • Бүгін, 12:55
Жапонияда қар тазарту кезінде 60-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 12:55
Анықтамасыз келген 31 шетел азаматы кері қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 12:43
Италияда ірі мафияға қарсы операция жүргізілді: 49 адам тұтқындалды
Әлем • Бүгін, 12:25
Түркістанда жылына 1 млн тұрмыстық техника шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 12:16
Халықаралық қаржы корпорациясының мәртебесі заңды түрде бекітіледі
Парламент • Бүгін, 12:11
Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов жарыстардан шеттетілді
Спорт • Бүгін, 12:09
Германияда респиратор тағу міндеттелуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 12:03
Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны белгілі болды
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Шымкентте балабақшада азық-түлікті үнемдеу салдарынан балалар аш отыр
Қоғам • Бүгін, 11:57
Алматыда коронавирустық індет жұқтыру 0,3%-ға жетті
Аймақтар • Бүгін, 11:55
Беларусь елі 2021 жылы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды
Хоккей • Бүгін, 11:46
Екі жылда 36 әлеуметтік дүкен ашылады
Аймақтар • Бүгін, 11:38
Жыл соңына дейін 6 млн-ға жуық қазақстандықты вакциналау көзделген - министр
Қоғам • Бүгін, 11:37
Әлем • Бүгін, 11:32
Samsung басшысы жемқорлық үшін 30 айға бас бостандығынан айырылды
Әлем • Бүгін, 11:13
Павлодар облысында демалыс күндері локдаун енгізілді
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Аргентинада 6,4 балдық жер сілкінісі болды
Видео • Бүгін, 11:08
Болгарияда нәресте антиденемен дүниеге келді
Әлем • Бүгін, 11:07
Ұқсас жаңалықтар