Экономика • 13 Қаңтар, 2021

Фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 47%-ға өсті

322 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 47%-ға өсті. Бұған отандық кәсіпорындарда шығарылатын өнім көлемінің ұлғаюы себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 47%-ға өсті

Мысалы, «Химфарм» АҚ шығаратын өнім көлемін 2 есеге арттырды. Бұдан бөлек, компания соңғы 2 жылда экспорт көлемін 2,5 есеге арттырды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның дәрілік заттары Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарында кеңінен сұранысқа ие. Өнімдер Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Ресей және Қырғызстан сияқты елдерге экспортталады.

Сонымен қатар биыл Өзбекстан нарығын игере отырып, экспортты екі есеге арттыру жоспарланған. Бұдан бөлек, маңызды бастамалардың бірі Еуропалық одақтың дәрілік нарығына шығу көзделген. Осылайша, 2023 жылға қарай экспорт көлемін 4 есеге, яғни 16 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бүгінде кәсіпорынның 11 өндірістік желіде өндірілетін 9 түрлі нысандағы 120-дан астам дәрілік заттардың атаулары бар, ал бұл отандық өндірушінің оннан астам емдік топтарда ұсынылғанының көрсеткіші болып табылады.

Сондай-ақ Dolce-Pharm фармацевтикалық компаниясы да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Кәсіпорын шығарылатын өнім көлемін 5 есеге арттырды. Кәсіпорын 1998 жылы құрылды және 23 жыл ішінде бір рет қолданылатын ММБ өндіру саласында ұлттық көшбасшы атанды. Бүгінде компания түрлі медициналық өнімдердің 200-ге жуық түрін шығарады. Өндірістік кешен Алматы облысында, Ынтымақ ауылында орналасқан, онда 450 адам еңбек етеді. Зауытта 6 өндірістік цех бар.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС шығарылатын өнім көлемін 3% - ға ұлғайтты. Қазіргі уақытта компанияның негізгі мақсаты Қазақстанның фармацевтикалық саласын одан әрі дамыту және инновациялық өнімді сату мен жан-жақты маркетингті қалыптастыру арқылы ТМД елдері арасында дәрілік заттардың экспорты бойынша жетекші орын алу болып табылады.

Сонымен қатар өсім «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды жеткізудің ұлғаюымен, сондай-ақ коронавирустық пандемияға байланысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға халықтың жоғары сұранысына байланысты бөлшек саудада өткізудің ұлғаюымен қамтамасыз етілді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді, ол 54 іс-шара мен 8 бөлімнен тұрады.

Соңғы жаңалықтар