Кешкі сағат ондар шамасында пәтерін жалға алып жүрген азамат жатын бөлмесіндегі сандықта сақтаулы тұрған 2 млн теңгесін және қолындағы ұялы телефонын көзінше алып кеткен.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлерімен осыған дейін сотты болған 46 жастағы жұмыссыз анықталған. Азамат кінәсін мойындады», - деді ШҚО Полиция Департаментінің бастығы Сағат Мадиев.
Іс бойынша алынған айғақ заттар иесіне қайтарылды.
46-жастағы азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.