Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған ойлар халқымыз үшін аса маңызды. Бәріміз біліп отырғандай, көрші елдегі бірқатар азаматтар Қазақстанның территориясына, жер аумағына қатысты орынсыз пікір білдіріп, бұрыс көзқарас қалыптастырған болатын. Ел Президенті осы мәселені жан-жақты шешу, ақ-қараны ажырату мақсатында нақты саяси ұстанымын жеткізді.

Расында, Қазақстанның ауқымды территориясы ешкімнен сый ретінде берілген жоқ. Яғни ата-бабаларымыз кезінде бұл ұлан байтақ даланы найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, өз ұрпақтарына аманаттаған болатын. Бұл аса маңызды мәселе. Сондықтан бұл мақала алдағы уақытта ел мен жерімізге көз тігемін деушілердің барлығына нақты жауап болды деп есептеймін. Мұндай жайттар қайталана бермеуі тиіс. Бірлігіміз бен тұтастығымызға, иелік етіп отырған жерімізге ешкімнің де көз тігуіне қақысы жоқ.
Әрине, біздің сөзі мен ісінде, әрекетінде алалығы жоқ көршілеріміз көп. Бәріне бірдей топырақ шашқым келмейді. Алайда кей елдердегі ниеті бұрыс некен-саяқ саясаткерлер мемлекетаралық достық пен ынтымақтастыққа нұқсан келтіріп жатады. Оған осы күні көзіміз анық жетіп отыр. «Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді», деді Президент.
Қ.Тоқаев айтып отырғандай, ұлттық мүддені қорғауға халқымыз дайын. Оған ешкім де күмән келтірмейді. Мемлекет басшысының сөзімен айтатын болсақ, «Қазір кім не айтса да, біздің екіжақты келісімдермен бекітіліп, халықаралық деңгейде танылған шекарамыз бар. Енді оған ешкім дауласа алмайды».
Қасым-Жомарт Кемелұлы бір сөзінде мемлекеттік тілдің алдағы уақытта ұлтаралық тілге айналатыны анық екенін айтқан болатын. Президент осы ойын біз айтып отырған мақалада тағы да айқындап көрсетті. «Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты. Мәселе – ниетте. Ниеттің дұрыс болуы қазақ тілін меңгергісі келетін адамдарға да, осы мақсатқа жетуге жағдай жасайтын Үкіметке де байланысты», деді Мемлекет басшысы.
Мемлекеттік тілді білу әрбір отандасымыз үшін үлкен міндетке, қастерлі парызға айналуы тиіс. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек», деді.
Расында, біздің жастарымыз шет тілін бір, бір жарым айдың көлемінде еркін меңгеріп кетеді. Сондай ұмтылыс, тілек пен ниет қазақ тілін үйрену кезінде де болуы керек. Мемлекеттік тіліміз халықты біріктіруші факторға айналатын күнге де бірте-бірте жақындап келеміз. Осы мақсатта түрлі қадамдар жасалынып жатыр. Әлі де жасалынатын болады.
Геннадий ШИПОВСКИХ,
Мәжіліс депутаты
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар