Таяуда аталған өнер ұжымы Испания елінде ұйымдастырылған Online Wave халықаралық конкурсында бақ сынап, «Халық биі» аталымы бойынша екінші дәрежелі лауреат атағын иемденді.
Бұл байқауда «Жұлдыз» ансамблінің мың бұралған бишілері қазақ халқының асыл мұрасы «Білезік» биін қазылар алқасының төрелігіне ұсынды. Қазылар қарағандылық ұжымның өнерін лайықты бағалап, байқаудың жоғары жүлдесімен марапаттады.
«Жұлдыз» ансамблінің жетекшісі Жанар Мансұр қазақ халқының асыл мұрасын халықаралық байқауда таныстырып, еліміздің атын шығарғандарына шын қуанышты екенін жеткізді.
«Қазақ билерінің мағынасы өте терең, небір әсем ырғақ пен үйлесімді қозғалыстар арқылы тұрмыстық және философиялық тақырыптарды бейнелеуге болады. Халықаралық өнер додасына қатысып, жүлделі болғанымызды мақтан тұтамыз», дейді ұжым жетекшісі.
Қарағанды облысы,
Абай қаласы