Руханият • 03 Ақпан, 2021

Шолпан апайдың хаты

1114 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алға ауданының орталығындағы Ізтай Мәмбетов атындағы балалар кітапханасының директоры Ақшолпан Ізтілеуова бізге қайын атасының жеке мұрағатынан табылған хат туралы хабарлады. Оның айтуынша, 1980-1990 жылдары Қобда аудандық газетінің редакторы болған Мәскеу Шүкірановқа Алматыдан Шолпан Ахметқызы хат жазып, әкесінен оқыған шәкірттер туралы сұрастырған.

Шолпан апайдың хаты

«Осы хатты жазып отыр­ған – Шолпан Ахметқызы Байтұр­сынова. Менің әкем Ахмет Байтұрсынов Архангельскіде айдау­да жүргенде, сіздің әке-ше­шеңізбен таныс болған деп естідім. Сол кісінің айт­қан сөз­дерін сенің шешең есін­де жақсы сақтаған, өзіңіз­бен барып, әңгімелесуге ден­сау­лығым кеміс болып отыр. Дәм бұйырса барып, анаңыз­дың естелігін тың­дасам дей­мін. Соны білуге құштар болып отырмын.

Ақаң Ақтөбе облысына өте құрметті ғой. Ең бірін­ші мұ­ғалімдік қызметін Ок­­тябрь, Мұғалжар аудан­­дарын­да бастады. Әкем­нің Ар­хан­гельскіде сіздің ата-ана­ңызбен дәмдес бол­ғанын маған Ақлепес Нәу­бетияров жет­кізді. Шеше­ңіздің білетін әңгімесін жеткізсеңіз, өте жақсы болар еді. Келешек ұрпаққа қажетті шындықтар ғой.

Сәлеммен, Шолпан Ах­ме­т­қызы Байсалова» деп аяқ­таған.

Шолпан Ахметқызы 1994 жылы дүниеден өтсе, бұл хат қайтыс боларының ал­дын­да жазылған сияқты. Өйт­кені Ақшолпан Ізті­леу­ова қа­йын­ атасының хатты алып оқығанында, 1993 жылы қай­тыс болған анасы Ақтең­генің естеліктерін жазып алма­ға­нына өкінгенін есіне алды.

Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылы Орынбор мұға­лімдер семинариясын аяқ­та­ған соң бірден Ақтөбе уе­зі­нің Қарағаш болысының орта­лығы Батпақтыда ашыл­­ған 4 басқыштық мек­теп­те сабақ берген. Ах­мет Бай­тұр­сынұлы оқыт­қан шә­кірт­тердің ұрпақ­тары Мұ­ғалжар, Алға аудан­дарында болса, редак­цияға хабарласады деген үміт­теміз. 1994 жылы жа­зылған Шолпан апайдың хатына сол уа­қыт­та Ақтөбе облысы­нан еш­қандай жауап болмаған.

 

Ақтөбе облысы