«Қала тұрғындарымен кездесуді тоқтатпаймыз. Кешке қарай санитарлық талаптарды сақтай отырып, Есіл ауданының тұрғындарымен кездестім. Қала тұрғындары - құрылысы созылып кеткен нысандарды аяқтау, әлеуметтік нысандар салу, жол құрылысы, абаттандыру, елді-мекендерді дамыту, апатты үйлерді сүру, ТКШ жаңғырту және т.с.с. 60-тан астам мәселе көтерді. Тұрғындар өзекті мәселелерді айтып қана қоймай, елорданы дамыту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісіп те жатты», дейді әкім.
Сонымен қатар, 2020 жылы бұл ауданда көп жұмыс жасалды. Мәселен, тек осы ауданда былтыр 3 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, бірқатар білім беру нысандарының құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде - жеке инвестициялар есебінен салынып жатқандары бар. Медициналық мекемелер салу мәселесі туындап отыр. Ауданда бір ғана емхана орналасқан. Биыл жеке инвестициялар есебінен тағы бір үлкен емхана ашылады.
Балаларға қосымша білім беру үшін биыл екінші Оқушылар сарайының құрылысы басталады. Балалардың жан-жақты дамуы - маңызды.
«Жол салуда да көп жұмыс жасалды: 26 көше жөнделді, оның ішінде бұрын асфальт болмаған елді-мекендер қамтылды; қала тұрғындарының өтініші бойынша жаңа автобус маршруттары іске қосылды; жылы аялдамалар, көше шамдары орнатылды; ауданды көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, 30-дан астам аула мен қоғамдық кеңістік, ооның ішінде - Пригородный, Үркер, Тельман елді-мекендері абаттандырылды.
Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындардың пікірін ескере отырып дамып келеді. Президент мұрындық болған "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында қарым-қатынасты күшейту үшін, азаматтарды қабылдау, есептік кездесулер мен жұмыс сапарларын тұрақты негізде өткізетін боламыз. Тұрғындардың сұрақтары бақылауға алынды», дейді әкім.