«КВИ-ға қарсы вакцинация Ресейдің Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген «Спутник V» вакцинасы қолданылады. Аталған вакцина өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында орналасқан. Әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі - Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ды құрағанын хабарлады. Сонымен қатар, "Спутниктен" кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталуы мүмкін екендігі дәлелденді. Вакцина коронавирустың "Британдық" және "Оңтүстік Африка" жаңа штамдарына қарсы тиімді», деді Ерлан Қиясов.
Сондай-ақ, ол вакцинаны жасаушылар «Спутник V» COVID-тің орташа және ауыр ағымынан 100% қорғайтынын атап өтті.
Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше