3 ақпан күні сағат 19:00-ден бастап Павлодар облысында ауа райы жағдайының бұзылуына (боран, тұман, көктайғақ болуына) байланысты барлық бағыт бойынша көліктің барлық түріне жол жүруге тыйым салынады.
Сондай-ақ, бүгін 19:00-ден бастап Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы көлік қозғалысына шеткеу қойылады. Атап айтқанда «Омбы-Майқапшағай» автожолының 587-733 шақырымында - Павлодар облысы мен Семей қаласының шекарасында кез келген көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Ақмола облысында да ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін сағат 19.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» бағытындағы автожол, «Екатеринбург - Алматы» бағытындағы автожол және «Жақсы - Есіл - Бұзылық» тасжолы жабылды.