Осылайша, тараптар Алматы қаласындағы экологиялық проблемаларды шешу және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша бірлескен шаралар қабылдайтын болады.
Меморандум шеңберінде қаланың экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шаралардың тиімді іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, жол картасында 20 іс-шара қарастырылған. Олардың ішінде, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 газға ауыстыру, қалаға іргелес жатқан жеке сектор аудандарын газдандыру, коммуналдық қызметтер автокөліктері мен қоғамдық көліктерді сығылған табиғи газға ауыстыру, дизель отынымен қоғамдық көлікке кезең-кезеңімен тыйым салу, көгалдандыру және т. б. бар.
Бұл үшін Тараптар карта тармақтарын орындау бойынша тоқсан сайын есептік кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Құқық бұзушылықтардың алдын алуға жәрдемдесу және экология саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мониторингті жүзеге асыру да меморандумның нысанасына айналды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы", "Air Vision" қоры, Табиғат экоқоры, "ECOJER"қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар Қауымдастығы" ЗТБ экология саласында ұзақ мерзімді серіктестік орнату бойынша меморандумға қол қойды.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10