Жиһанкез жазушы Адольф Янушкевичтің «Күнделіктер мен хаттар» атты кітабының тарихы айрықша. 1966 жылы орыс тіліне аударылып, Алматыдағы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген кітапта халық жырларында жақсы аты шыққан Барақ сұлтан сынды батырлар мен Орынбай сияқты жыршы-ақын бейнелері, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі нанымды суреттелгені соншалық, осыдан бір ғасыр бұрынғы қазақ даласының кең панорамасы кинофильмдей көз алдыңнан тізбектеле өтіп жатады.

Янушкевичтің кітабында туған-туыстары мен достарына жазған хаттары мен күнделігі алма-кезек алмасып отырады. Шынайы көңілден туған жолсапар естеліктері оқырманын сол күнге, сол сәтке ертіп апарып, тау-тас, орман-тоғайдың сыз тартқан дымқыл ауасымен тыныстатқандай. Омбыдан басталған маршрут Семейді басып өтіп, Аягөзге беттеген сапардың жай-жапсарын нақты баяндай отырып, көңілі ауған жайттарды егжей-тегжей суреттеуге тырысады. Жиһанкез Аягөзге аялдаған оншақты күнде дала төсінде емін-еркін көшіп-қонған қазақ тұрмысына қатысты ойға түйгенін, түнеген, түстенген жерлерін майын тамыза әңгімелей отырып, мол дерекке қанықтырады.
«Біз әлі де Аягөздеміз. Аягөз қазір гүл-гүл жайнап құлпырып, көңіл аулауға жарап қалды. Ең атақты рулардың бірнеше сұлтандары (солардың ішінде Абылай ханның да жұрағаты бар) теректен жасалған біздің үйшігіміздің қасына өздерінің ақшаңқан киіз үйлерін және түрлі-түсті жолақтары бар шатырларын тікті. Ала шапан мен бешпент киіп, олар бізге сыпайыгершілікпен кіріп шығады; биязылық көрсетуге тырысатын қазақ ақсүйектерінің әдетін сақтап, сараң сөйлейді», деп жазады 5 маусым күнгі анасына жолдаған хатында. Абайдың әкесі Құнанбай жайында тартымды суреттей отырып, табиғаттың оған кесек ақыл, ғажайып ес, жүйрік тіл берген әулие даңқына бөленген жан деп суреттейді. Бұдан басқа қазақтардың салт-дәстүрі мен ғұрыптарының топтар арасындағы қарым-қатынасты жандандырудағы маңызы, құрмет көрсету, қонақжайлық, аға сұлтан сайлау рәсімі, жыртыс алу, дала бардтарының орындаушылық шеберлігі жайында шешіле әңгімелейді. А.Янушкевич Г.Зелинскийге 12 маусымдағы хатында Орынбай мен Жанақ ақынның айтысы жайында:
«…Орынбай домбырасын қағып-қағып жіберіп, дүниенің басынан Адамата мен Хауанадан түсіп, мына отырған сұлтандарға тағзым еткендей, аты шыққан арғы аталардың әрқайсысын бір-бір көтеріп тастады; Содан Нұх кемесіне мініп топан судан өтті де, Арараттың биігінен бүкіл Інжіл тарихын шолып өтті. Жолшыбай барлық оқиғаны, тіпті Вавилон Навуходоноссорын да, Египеттің перғауындарын да қалдырмай сүзіп шықты. Сағат бойы толассыз жырлап, Ниагар сарқырамасындай арындап келіп, ақыры ол аман-сау Мұхаммедтің өзіне де жетті-ау. Соңғы он ғасырды құшағына алып дауылдатқан бұл жыр исламизм қаһармандарының басына құйылып, бүкіл қазақ даласына толықси жайылар ма еді, қайтер еді… Жоқ! Меккеден жаңа шыға берген кезде біздің жезтаңдай әншіміздің домбырасының шегі үзілді». Қазақ тілін өзі де тәуір білген ол тілмаштардың тәржімасына сүйене отырып, аталған айтысты жазып алған. Халық арасындағы аңыздар мен жырларға, толғауларға ден қоя отырып, жекелеген үлгілерін күнделігіне түсіріп отырған. Шешендік өнердің тек жақсы мен жайсаңның ғана еншісі емес, халық болмысына тән қасиет екендігін аңғарған поляк саяхатшысы «...Мен терең ойға қалдым. Осының бәрін әлем жабайы санайтын халықтың ортасында өз құлағыммен тыңдадым ғой! Бұдан бірнеше күн бұрын жауласқан екі партияның арасындағы қақтығыстың куәсі болған едім. Сонда Демосфен, Цицероннан асқан шешендерге таңғалып қол соққанмын. Ал бүгін оқи да, жаза да білмейтін ақындар өз өнерлерін жайып салды. Сонда бұлар жабайы болғаны ма? Жо-жоқ! Имандай сырым! Тәңірім бойына осынша қабілет дарытқан ұрпақтың рухы бүкіл қазақ даласына жарқырап сәуле шашатын болады. Өзіне жоғарыдан қарайтын халықтар арасынан бұл көшпенділердің де құрметті орын алатын кезі келеді…», деп жазады. Оның сол кездегі қазақ тілі туралы жазбаларынан білетініміз, кеңестік жүйеге дейін қазақ тілінің мәртебесі жоғары болғандығы. «Жоңғар қалаларын қиратқан ежелгі қоныстардың орнына салынған Семейде халықтың саны 7 мыңға жуық, олардың көпшілігі татарлар, ташкенттіктер, бұхаралықтар. Барлық жерде қазақ тілі кеңінен қолданылады. Осы жерлердегі тым мәдени және зиялы орыс халқының жартысы да, біздің сүйікті ханымдарымыз французша сөйлейтіні сияқты, бұл тілде де еркін сөйлейді», деген жазбалар осыны айғақтайды.
Познаньдағы Адам Мицкевич университетінің PhD докторанты Дана Сүлеймен аталған еңбектің түркітанушылар үшін ғана емес, Орталық Азия тарихына қызығушылық танытатын көпшілік үшін таптырмас құнды еңбек екенін айтады. «Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінің Шығыс тілдері институтындағы Түркология кафедрасында поляктарға қазақ тілін алғаш үйреткен Күләйхан Ақтайқызы жұмыс істейді. Орталық Азия елдерінің мәдениеті, қоғамы жайында аталған еңбекпен таныстырып, талдайды. Янушкевичтің күнделігі поляктар арасында ерекше танымал, таныс еңбек», дейді ол. Кітапта Ұлы жүз қазақтарының Ресейге қосылуы, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау, қолданбалы өнерге сипаттама бере отырып, XIX ғасырдағы қазақ тарихындағы маңызы зор кезеңдерге тоқталады. Орта жүздегі азаттық күресін бастаған Кенесары Қасымұлы мен ағасы Саржан, Алаша хан мен Жошы хан мазарына жақын жатқан Дамбауыл мерген жайында естіген-көргендерін қағазға қалдырмай түсірген жазбалары – фильм түсіруге дайын тұрған сценарий. Осы ретте кезінде аз тиражбен таралған аталған еңбекпен кеңірек танысу үшін қайта басып шығару, Ұлы жүз қазақтарының Ресейге қосылуының соңғы кезеңі жайында деректі фильм түсіру мүмкіндігін қарастыруды қажет ететіндей. Өйткені күнделіктер мен хаттарда баяндалған деректер ел тарихын жаңаша түсінуді қажет ететін маңызды қосымша.
«Анталия-Ташкент» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында төбелесті
Оқиға • Бүгін, 14:12
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:01
Президент Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:55
Қазақстандық зілтеміршілер Ислам ойындарында 10 медаль иеленді
Ауыр атлетика • Бүгін, 13:38
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Өскеменде жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:15
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:35
Өнер • Бүгін, 08:33
Таным • Бүгін, 08:30
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Медицина • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:25
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Саясат • Бүгін, 08:23
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
Қазақстан • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:20
Ұқсас жаңалықтар