Өнер • 19 Ақпан, 2021

Қазақстанның жазба мәдениетіне арналған көрме

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Ұлттық кітапханада еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстанның жазба мәдениеті уақыт ағымында: жазу тарихы және жазу ескерткіштерінің жандануы» тақырыбына арналған көрмесі өтті, деп хабарлайды Еgemen.kz

Қазақстанның жазба мәдениетіне арналған көрме

«Қырым аралы» ғылыми-реставрациялау зертханасымен бірлесіп ұйымдастырылған көрме сонымен қатар Орта Азия мен Қазақстан аумағында хаттың пайда болуы мен дамуына арналған деректермен толықты.

Ұлттық кітапхананың экспозициялық-құжаттық көрмелерінде республиканың ғылым мен техника, халықаралық қатынастар, экономика және саясат саласындағы тәуелсіздік алған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейінгі жетістіктерін ашып көрсететін қазақстандық және шетелдік авторлардың кітаптары кеңінен ұсынылған.

Көрменің салтанатты ашылуында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Оспанова, «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялау зертханасының директоры Қырым Алтынбеков, ҚР Президенті Архивінің директоры Д.Абдукадырова, ЮНЕСКО аясындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары А.Сыдықов, ЮНЕСКО аясындағы мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері В. А. Новоженов, еліміздің үздік экскурсоводы Б.Оразымбетова қатысты. Салтанатты шарада Қазақстанның халық әртісі Мұрат Серкебаевтың жетекшілігімен Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрі квартеті репертуарындағы шығармалар орындалды.

Іс-шараға мұрағаттар, мұражайлар басшылары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, ЖОО оқытушылары мен студенттері, БАҚ және қала кітапханашылары қатысты.