Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысына 125 миллион доллар бөлінеді

511 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2021 жылы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысына 125 миллион доллар бөлінеді, деп жазады Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі таратқан дерекке сілтеме жасап.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысына 125 миллион доллар бөлінеді

Министрліктің  есебі бойынша 2021 жылы жер жұмыстары, коммуникацияларды, су құбырларын, жасанды құрылыстарды және басқаларын қайта құру жоспарланған. Жалпы 1 жыл ішінде 125 миллион долларды игеру жоспарланып отыр.

Министрлік  2020 жылы концессионердің кредиторларымен (ЕҚДБ, ЕДБ, ИДБ) келісімшарттар жасалғанын түсіндірді. Құжатқа сәйкес қаржыландыру көлемі $ 585 млн құрайды. Қаулы жобасына сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік концессиялық міндеттемелері 512,35 миллиард теңгеден 510,97 миллиард теңгеге дейін төмендеді. Қол жетімділік ақысы 2022-2037 жылдан 2025-2040 жылға дейін ауыстырылды.

«Төлемдердің кейінге қалдырылуына байланысты несие берушілердің сыйақы мөлшерлемесінің 6,8% -дан 5,2-5,5% -ға дейін төмендеуі, қол жетімділік үшін күтілетін төлем құнының жалпы базалық сомасы 1,38 млрд.теңгеге төмендеді» делінген құжатта.

Бұл ретте, валюталық өтемақыны есептемегендегі жалпы сомадан инвестициялық шығындар үшін өтемақы 176,7 млрд теңгені, операциялық шығындар - 28 млрд теңгені, басқару төлемдері - 306,2 млрд теңгені құрайды.

2025 жылдан 2035 жылға дейін төлем жыл сайын 37-38 миллиард теңгені құрайды. Кейіннен оның мөлшері біртіндеп азаяды.

Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) БАКАД құрылысын қаржыландыруға 95 миллион доллар бөлетіні белгілі болған.

Ақпаратқа сәйкес, келісімге 12 ақпанда ЕДБ Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов қол қойды.

«Жобаны Еуропалық қайта құру және даму банкі, Еуразиялық даму банкі және Ислам даму банкі ұсынған кредиторлар синдикаты қаржыландырады. Жоба аясында ЕДБ 95 миллион доллар бөледі», деп хабарлады ЕДБ баспасөз қызметі. 

 «Жоба инвестордың шығындарын республикалық бюджетке салмақ салмай, дайын объект мемлекет меншігіне қабылдағаннан кейін ғана біртіндеп өтеуді білдіреді», деді министрлік.

Іске асыру мерзіміне келетін болсақ, инвесторды анықтауға арналған конкурс 2015 жылы жарияланған болатын. Содан кейін бірнеше халықаралық компаниялар қызығушылық танытты. Тек үш жылдан кейін, 2018 жылдың 7 ақпанында түрік-корей консорциумымен БАКАД құрылысы мен пайдалануға концессия шарты жасалды. Құрылымға «Алсим Аларко» (Түркия), «Макёл» (Түркия), СК (Корея), «Корея экспресс-жолы» (Корея) кірді.

Әрі қарай, 2018-2019 жылдары ЖСҚ әзірлеу және басқа дайындық жұмыстары жүргізілді. Бүгінде Алматыда 26,5 шақырым жолда құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Келісім шарттарына сәйкес БАКАД-ты 2022 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

«Өзін-өзі қамтамасыз ету үшін жол ақылы болады. Жол жүру маршрутына қарамастан жолға шығу үшін төлем жасалады. Жеңіл және жүк көліктері үшін әртүрлі тарифтер болады деп күтілуде. Зерттеулер нәтижелері бойынша болжамды қозғалыс қарқындылығы күніне 30-дан 70 автомобильге дейін болады. Мұндай қарқындылықпен, болжамды есептеулер бойынша, төлемдерден жинау 15 жыл ішінде 231 млрд теңгені құрайды, ал 25 жыл ішінде 570 млрд теңгені құрайды», - деп министрлік болжады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАКАД құрылысын бастаған болатын. Бұған дейін Инвестициялар және даму жөніндегі экс-министр Жеңіс Қасымбек БАКАД құрылысын неге ұзақ уақытқа шегергендігі туралы айтты. Қаланың экс-әкімі Бауыржан Байбек өз кезегінде құрылыстың құны 1,5 миллиард доллардан асатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар