Спорт • 25 Ақпан, 2021

Ең сұлу волейболшы кім?

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекияның Gazzetta басылымы жер жаһандағы ең сұлу волейболшы қыздардың рейтингін жариялады. Арулардың көшін ресейлік Алиса Маненок бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең сұлу волейболшы кім?

25 жастағы Алиса Татарстанның тұрады. Бала кезінен волейболға ден қойған ол қазіргі кезде Қазанның федералды университетінің командасында өнер көрсетеді. Сонымен қатар түрлі сән конкурсына үздіксіз қатысып, модель бизнесімен де айналысады. 2016 жылы ресейлік ару Үндістанның астанасы – Делиде өткен «Супер Модель Интернешнл» байқауында бірінші вице-мисс атанса, 2018 жылы Оңтүстік Кореяның бас шаһары - Сеулде ұйымдастырылған «World Beauty Queen» конкурсында бас жүлдені олжалады. Жоғарыда аталған грекиялық басылым ұсынған айдай сұлу арулардың тізімде біздің Сабина Алтынбекова екінші орында тұр.

Ал «ТОП-10» волейболшылардың толық тізімі мынадай: Алиса Маненок (Ресей), Сабина Алтынбекова (Қазақстан), Клара Перич (Хорватия), Джейми Роббинс (АҚШ), Зехра Гюнеш (Түркия), Уинифер Фернандес (Доминикан Республикасы), Луиза Липпманн (Германия), Бьянка Буша (Сербия), Саманта Брисио (Мексика) және Мария Стенцель (Польша).