Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

393 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Самат Асайыновтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

2021 жылдың 2 айында Алматы қаласының аумағында 147 өрт тіркелді, 14 адам өрттен зардап шекті, 5 адам құтқарылды, 200 миллион теңгеден астам соманың мүлігі сақталды. Қазіргі уақытта өрттен қайтыс болғандар саны тіркелмеген (2020 жылы - 3). 96 өрт тұрғын үй секторында болған, немесе жыл басынан бері болған өрттің жалпы санының 65%.

Жеке тұрғын үй секторындағы өрттің негізгі себептері:
- отты ұқыпсыз пайдалану 21 жағдай;
- пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 29 жағдай;
- электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу 41 жағдай;
- тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану кезінде ӨҚЕ бұзушылықтары 31 жағдай;
- өртеу 13 жағдай;
- отпен жұмыс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу 3 жағдай, 2-уі балалардың тентектігінен және өрттің басқа себептері 9 жағдай.

Сонымен бірге, 2020-2021 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттер мен адамдардың жарақаттануын азайту мақсатында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізуде. Жекелеген (бөлек) топқа өрттің алдын алу бойынша атаулы көмекке мұқтаж 274 әлеуметтік осал отбасы кіреді. Аз қамтылған және аз қозғалатын отбасылардың 144-тен астам үйінде төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірге электр желілерін, жылу жүйелерін жөндеуге, пеш құрылымдарындағы жарықтарды, әктеу, пештің мұржаларын күйеден тазарту және басқа жұмыстар бойынша мақсатты көмек көрсетті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Өрттердің 65%-ы тұрғын үй қорында болатындығын ескере отырып, 2020 жылдың тамызынан бастап ауқымды науқан және тұрғындармен түсіндіру жұмыстары басталды.

Барлығы 145 471 жеке тұрғын үй есепке алынды, оның 1347-сі қатты отын жағады, олар 100% зерттелді, оның ішінде 274 әлеуметтік осал отбасылардың үйлері қайта тексерілді (яғни 2 рет), өрттің қауіпсіздік шаралары туралы 300 мыңнан астам жадынамалар таратылды.

Әкімдіктің қолдауымен әлеуметтік жағынан осал отбасылардың көмірмен жылытылатын 1 254 жеке тұрғын үйі көміртегі тотығы датчиктерімен жабдықталған (үйлерде 2018 жылдан 2020 жылға дейін орнатылған датчиктерді ескере отырып).

Алматы әкімдігінің қолдауымен тұрмысы төмен отбасыларға тиесілі көмірмен жылытылатын (көмір жағатын) 1254 жеке тұрғын үй газ иісін сезуші датчиктермен жабдықталды.
- газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға;
- жиһазды және басқа жанғыш заттарды жылыту пештері мен газ құрылғыларының жанына қоймауды, мұржаларды жақсы күйде ұстауды;
- ақаулы электр розеткаларын, электр ажыратқыштарын және электр құрылғыларын пайдаланбауды;
- электр плиталары, үтіктер, электр шайнектері мен керосинді қондырғыларды отқа төзімді тіректерге орнатуды;
- пештің құрылымдарындағы жарықшақтар мен кетіктерді сылауды, мұржаларды күйеден тазартуды ұсынады.

«Егер біздің азаматтарымыз қауіпсіздік ережелерін сақтаса, онда өрттің залалын азайту, сондай - ақ адамдардың қаза болуы нөлге дейін азаяды», - деп атап өтті Самат Асайынов, ол қала тұрғындары алдын алу шаралары ретінде мұржаларды уақтылы тазалау қажет екенін айтты.