«2020 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-еңбек саласында азаматтарға жалпы саны 12,4 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 7,8 млн-ы электрондық форматта. Ағымдағы жылы электронды қызметтердің үлесін 93%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік-еңбек саласының барлық қызметтеріне, соның ішінде карантин және шектеу шаралары кезінде электрондық және проактивті форматта көрсетілген мемлектеттік қызметтерге талдау жасалды. Оның нәтижесі бойынша, қызметтерді электронды немесе проактивті форматқа ауыстурудағы, сондай-ақ электронды немесе проактивті форматқа ауыстырылған қызметтердің көрсетілудегі тежеуші факторлар анықталды», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, қажетті құжаттарды цифрландыру және ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.