«30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясындағы бастамадан жергілікті мәслихаттардың депутаттары да шет қалмады. Мәселен, Атырау қалалық мәслихатының 18 депутаты аз қамтылған 18 отбасыны азық-түлік себетімен қамтуды көздеп отыр. Сондай-ақ, Индер аудандық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Ақжібек Керімбайқызы 100 отбасыны азық-түлікпен қамтымақ.
Мұндай қайырымдылық шарасына Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз» кенішіндегі мердігер мекемелердің бірі – «ССЕР» компаниясы да қолдау білдірді. Компания өкілі Орақ Бисембиев 100 мүшесі бар бірнеше отбасының әрқайсысына 10 мың теңгенің азық-түлік сертификатын тапсырды.
«Біздің компания қамқорлықты қажет ететін отбасыларға ұдайы демеушілік көмек көрсетіп келеді. Мұндай қолдау алдағы уақытта да жалғаса береді» дейді Орақ Бисембиев.