Қазақстан • 15 Наурыз, 2021

Түркиядан келген бір жолаушыдан вирус анықталды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі келді.

Түркиядан келген бір жолаушыдан вирус анықталды

4 646 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 853 адам, анықтамасыз 793 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 783 жолаушы, анықтамамен - 2 365, анықтамасыз - 418;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 295 жолаушы, анықтамамен - 920; анықтамасыз - 375;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 274 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 146 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 148 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.


Анықтамасыз келген 401 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбул – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Соңғы жаңалықтар

Адалдық – ардың ісі

Пікір • Бүгін, 09:55

Демократияның даму көрінісі

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Өсімі жоғары өңір

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Береке белсендіге бітеді

Кәсіпкер • Бүгін, 09:30