Президент • 15 Наурыз, 2021

Президент Grammy иегері Иманбек Зейкеновті құттықтады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Grammy сыйлығына ие болған Иманбек Зейкеновті құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент Grammy иегері Иманбек Зейкеновті құттықтады

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.

«Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді. Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!», деді Б.Уәли.